Қайырымдылық-іштегі дархан пейілден

http://turizm-hit.ru/

"ТТ"-ақпарат"

Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында әртүрлі тақырыпта көңілге жағымды игі де ізгі шаралар көптеп жүзеге асуда.


Жан жылытар жағымды істер ауданымызда да атқарылды. «25 жыл­дыққа- 25 жұлдызды сәт» шараларынан бөлек, қайырымды жандар тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар мен мүгедек жандарды да азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек қолын созуда.
Аудан әкімінің орынбасары Кәдірбек Садубаев қала әкімінің міндетін атқарушы Айтолқын Әбдібековамен бірге қаламыздың 3-мөлтек ауданында тұратын көп балалы ана Айсұлу Аманбаеваның үйінде болып, олардың тұрмысымен танысты. Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан Айсұлуды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаған Кәдірбек Рысқұлбекұлы оларға өзінің отбасы атынан азық-түлік түрлерін табыстады.
Көмекке мұқтаж жандарды ұмытпай, қолұшын беріп жүрген Кәдірбек Рысқұлбекұлы ағасына шын көңілімен риза болған Айсұлу Аманбаева балалары атынан ыстық ықыласын білдірді.
Бұл үйден шыққан қайырымды жандар одан әрі 5- мөлтек ауданда тұратын, пәтері өртенген көп балалы ана Динара Пірмағанбетованың отбасында және «Флора» саяжайында тұратын аз қамтылған отбасы Гүлхан Қожаеваның үйінде болып, Кәдірбек Садубаев оларға да осындай қайырымдылық көрсетіп, көмекке мұқтаж жандарды қуанышқа бөледі.