Саяси бағыттағы дұрыс ұстаным

http://turizm-hit.ru/

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні бүкіл Қазақстанның телеарналарынан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуін тындадық.

Онда ай­тылған өзге­рістерге келетін болсақ, біріншіден, бұл еліміздегі демократиялық процестің ары қарай жалғасын тапқан­дығын көрсетеді. Бұл саяси биліктегі екі негізгі тармақтың Үкіметтің жә­не Парламенттің тепе-теңдігін қам­тамасыз етеді. Сонымен қатар, екін­шіден, бұл үкіметтің де, пар­ла­менттің де кәсібилігін, олардың жауапкер­шілігін, елдің сая­си экономикалық дамуын­дағы жауапкер­шілігін арттыруға сонымен қатар, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл реформалардың ха­лықтық талқыға са­лынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көр­сетеді. Сонымен қатар, бұл талқылау азаматтық қоғамның қатысуын да қажет етеді. Яғни, әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығын көрсетеді.
Ең бастысы - билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынастың форматы өзгереді. Бұл – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.
Бахтияр Алдашов,
«Talas Investment Company» ЖШС-нің бас директоры, облыс мәслихатының депутаты.