Дамудың дұрыс даңғылы

http://turizm-hit.ru/

Қазақстан Республикасының мем­лекеттік істер және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлының бас­тауы­мен облыстық ақпараттық-на­сихат­тық топ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақ­стан­ның үшінші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілік» ат­ты Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында ауданымызға келіп, таластықтармен жүздесті.


Алғаш болып сөз бастаған Та­раз мемлекеттік педагогикалық инсти­тутының аға оқытушысы Әбдімомынов Еділбек Бақытжанұлы Жолдау жол­дарына шолу жасады.
- Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі Үндеуі­нен кейін іле-шала жариялаған Жол­дауын­да қоғамның, ұлттың түпкілікті мүддесі бар, - деген Еділбек Бақытжанұлы бұл құжаттың өзге Жолдаулардан ерекшеліктеріне, саяси маңызына тоқталып:
Өз кезегінде облыстық онкология­лық диспансердің бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Нұржанов Абай Құралбекұлы денсаулық сақтау саласы бойынша әңгіме өрбітті.
- Елбасының жыл сайынғы Жолдау­ларында денсаулық сақтау сала­сына айрықша мән беріліп отырады. Жол­дауда денсаулық сақ­тау жүйесіне өзгеріс, серпін керек екені баса айтылды, - деген Абай Құралбекұлы:
- Медициналық сақтандыру қо­ры­на 3 жақтан, яғни мемлекет, жұ­мыспен қамтамасыз етілгендер және кәсіпкерлерден қаржы құйылатын болады.
2018 жылдан бастап мемлекет қорға 3 пайыз қа­ражат құйып оты­рады да 2023 жыл­дан бастап 5 пайыз­дан құя бастайды.
Егер меди­ци­на­лық сақ­тан­дыру қорына мүше болсаңыз, онда ақылы қым­бат оталар, емдеу шаралары тегін жүргізіледі, - деді.
Ал, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің Жамбыл облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Тұрысов Әлімқұл Мәмбетәліұлы Жолдауда айтылған еліміздің дамуының 5 басымдығына тоқталды.
М. Нәлібаев: - Жолдаудағы 5-ба­сым­дықтың 4-тармағында сыбайлас жемқорлық жөнінде сөз болады. Осыған орай, біздің алдымызда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту міндеті тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес тоқтамайды, - дей келіп, мемлекеттік қызмет істеріне тоқталды.
Мақсұт Ыбырайханұлы «100 нақ­­ты қадам» - Ұлт жоспары­ның 15-қадамында мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестация­лаудан өткізу жөнінде айтылғанын, облысымызда «Б» корпусының мем­лекеттік қызметшілерін кешенді аттестациялаудан өткізу жұмыстары басталғанын хабарлап, бұл жұмыс 3-кезеңнен тұратынын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев биылғы Жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталып, ақпараттық-насихаттық топтың басшысы мен мүшелеріне ризашылық білдірді.