Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Өндірісі өрлеген өңірдің шаруасы да шалқиды

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

Кеше аудан әкімі Болат Рысмендиев қоғамдық кеңес­тің отырысында «2016 жыл­ғы ауданның әлеуметтік- эконо­микалық даму қоры­тын­­дылары мен 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы» есеп берді. Жиынды қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмабек Әсемов ашып, жүргізіп отырды.


Бұған дейін ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде, сонымен қатар, Қаратау қала­сында қорытынды есебін берген аудан басшысы өңірдің әлеуметтік- экономикалық да­муын­дағы маңызды мәселелерді кеңінен әңгімелеген болатын. Бұл жолы қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында ауданда өткен жылы атқарылған ауқымды істерге тағы бір шолу жасаған Болат Қанатбайұлы негізгі салалар бойынша жүзеге асуы тиіс міндеттерді де атады.
- Өткен жыл аудан эконо­мика­сы үшін табыссыз болды дей алмаймыз. Өнеркәсіп саласы бойынша өндірілген өнім көлемі арғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсіп, жоспар ар­ты­ғы­мен орындалды. Осы сала­дағы жұмыстарды жандандыру үшін ауданға тар­ты­латын инвестиция кө­ле­мін ұлғайтуға күш салуы­мыз қажет. Сонымен қатар, алда тұрған маңызды мәселе­лердің бірі, ол аграр­лық секторды дамыту, яғни ауыл шаруашылық саласындағы шаруаларды ширату. Егістік алқаптарының көлемін ұлғай­ту, суармалы жерлерді игеру, тамшылатып суарудың техноло­гиясын тиімді пайдалану, өнім сапасын арттыру, асыл тұқымды мал басын көбейту, міне, алдағы уақытта біздің алдымызда осы жұмыстарды жандандыру міндеті тұр,- деген аудан әкімі мұнан соң әлеуметтік салалар­дағы жетістіктерді сара­лады.
Жыл қорытындысына ар­налған есепті жиын ұсыныс-пікірсіз болмайтыны белгілі. Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан жарыссөзге шыққан атал­мыш кеңестің мүшесі Сәулембай Әбсадықұлы да көкейінде жүрген ұсынысын алға тартып, ойын ортаға салды. Ол өз сөзінде өнеркәсіп саласы бойынша қол жеткен табыстар мен үстіміздегі жылы жүзеге асатын 9 елді-мекенді көгілдір отынмен қамту мәселесі көңіл қуантарлық екенін, сондай-ақ, болашақта мал шаруашылығымен айналыса­тын шаруа қожалықтары ет, сүт сияқты төрт - түлік малдан алатын өнімдерін өткізетін орындар, айталық, ет комби­наты, сүт зауыты сынды өндіріс ошақтары салынса. Ал, қазіргі таңда өзімізден шығатын мұндай өнімдер сыртқа кетуде деген ойын алаңдаушылық білдіре отырып жеткізді.
Есепті жиында мұнан соң «Жастар ресурстық орталы­ғының» директоры Нұркен Мырзаев сөз алып, жастар сая­сатына қатысты бірқатар мәселелерге тоқталды. Өткен жылы және бұған дейін де ауданымызда жастар саясаты мәселелері төңірегіндегі бар­лық істердің оңтайлы жүзеге асып жатқандығын тілге тиек еткен ол, бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба­тындығына сенім білдіріп, аудан басшысының есебіне қанағат­танарлық деген баға берді.
Айтылған ұсыныс-пікірлер жиын соңында назарға алынды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер