Құқығынды қорғай біл

http://turizm-hit.ru/

Биылғы жылы бес инс­титуционалдық рефор­маларды жүзеге асыру шеңберінде құқықтық мем­лекет құру негізгі ба­ғыт­тардың бірі болып табылатындықтан Қазақс­тан Респуб­ликасының Бас про­куратурасы “Проку­рордың 100 кеңесі” мо­би­льді қосымшасын әзірлеген болатын.


Жинақтың негізгі тар­­мақтары мен тап­сыр­­­маларын халық ара­сында кеңінен тара­тып, насихаттау жә­не ақпараттандыру жұ­мыс­тары Қазақстан Рес­пуб­ликасының бар­лық об­лыстарында жүргізілуде.
Осыған орай, аудан әкімі Болат Рысмендиев пен аудан прокуроры Ильяс Тойшыбеков, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Азамат Айхымбеков бастаған бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қызыләуіт ауылында болып, азамат­тарға құқықтық кеңес беру мен күнделікті өмірде жиі туындайтын сұрақтарға заң тұрғысынан жауап беру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.
Шара барысында кәсіп­керлер құқығын қорғау мен еңбек заңнамаларының сақ­талмауы, сондай-ақ, кә­мелетке толмаған жас жет­кіншектердің құқық­тарын қорғау төңірегіндегі нақты фактілер сөз етілді.
Аталмыш жинақтың ма­ңызы мен қол­жетімділігі жайында әңгімелеген Ильяс Прмахан­ұлы прак­тикалық ке­ңес­тер жина­ғының бір­қатар бөлімдері мен тармақтарына тоқталып, жиналған көпшілікке мо­бильді қосымшаның ар­найы қағазшаларын үлес­тірді. Сондай-ақ, төралқа мүшелері тұр­­ғындар ара­сында орын ал­ған кі­ші­гірім дау - да­майларды ауыл аумағынан асырмай, ақсақалдар көмегімен бей­біт әрі әділетті шешуге шақырды.
Сонымен қатар, ау­данның бас имамы Нұр­сұлтан Әлиев дәстүрлі дініміздің қадір-қасиеті мен теріс ағымдардың зардабы мен қасіреті жайында әңгіме қозғады.
Жиын соңында төрал­қа мү­шелері ауыл тұр­ғын­дарына алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін алғыстарын айтты.

Ернар Әбдіразақ, Қызыләуіт ауылы.