Бірлескен отырыста есеп берді

http://turizm-hit.ru/

"ТТ"-ақпарат"

“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы мәжіліс залында партия жа­нындағы пар­тиялық бақылау комиссиясы мен сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнін­дегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы болып өтті.
Жиынға партия аудандық филиалы тө­рағасының бірінші орынбасары Ғ.Қартабаев жә­не комиссия мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.


Бірлескен отырыстың күн тәртібінде аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Шүрекеновтың “Мекемеде және құрылыс саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 2016 жылдың қорытындысы мен 2017 жылдың қаңтар айы аралығында атқарған жұмыстары туралы” есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, “Нұр Отан” партиясының саяси Доктринасын іске асыру мақсатында Ішкі партиялық тәртіпті нығайту, мүшелік жарна­ларды уақтылы төлеу және партия мүшелері арасында жеморлыққа қарсы төзімсіздік қасиет­ті қалып­тастырудағы атқарылған жұмыстары туралы” аудандық аурухананың “Денсаулық” бас­тауыш партия ұйымының төрайымы Ұ.Аманжолова есеп берді.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сауалдар қойылып, есебі тыңдалған мекемелердің бірқатар кемшіліктері жайлы айтылып, қаулы қабылданды.