Басты басымдық

http://turizm-hit.ru/

Әлемде кезекті, төртінші өнеркәсіптік революция бас­талды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Дүниежүзінің халықтарының көз алдында болып жатқан ұлы өзгерістер – бұлар тарихи сын әрі қатер және де әрбір ұлтқа берілген таңғажайып мүмкіндік.

Біз­дер үшін бүгінгі таңда, елдің жаһандық бәсекеге қабі­леттілігін қамтамасыз ете­тін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттілігі туындауда.
Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр елде, әр жерде әртүрлі екені рас. Тәуелсіздігіміздің 25 жылында қалыптастырған әлеуетімізді сақтай оты­рып, өзіміздің мықты тұстары­мыз­ды дамытып, тек қана алға жылжуымыз керек. Цифр­лық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өр­кен­детуге тиіспіз. Елде 3D-принтинг, онлайын-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы са­лаларды дамыту қажет. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылы­мын өзгертіп, дәстүрлі сала­лар­ға жаңа сапа дарытты. Жаңа индустриялар қалып­тастырудың маңызды шартты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып табылады. Комму­ника­цияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфра­құ­рылымға жаппай қолжетімділік, цифрлық индус­трияны дамыту, басқа барлық салаларға қарқынды серпін береді.
Осыған орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Сондықтан, Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Бұл- маңызды кешенді міндет. Ол-қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары ғана емес, болашаққа «Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Экономиканың әлемдік өсуінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге арналған, Ұлт жоспары- «100 нақты қадам» базасында өткізілмек. Жаңғыруға, жаңартуға, қарқынды дамуға арналған, Елбасының биылғы Жолдауының басты басымдығы осындай. Ол әрбір қазақстандықтың санасына ой, жүрегіне жігер берері анық.
А.Сақыпбеков,
Талас аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.