Жас анаға құрмет көрсетілді

http://turizm-hit.ru/

Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"

“Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді”, - деген сөздің шындық екеніне күнделікті көз жеткізіп жүрміз. Отбасының тіреуші, қорғанышы, панасы - әке болса, шуағы мен берекесі -ана екені баршамызға белгілі. Әке пана болып, ана шуақ нұрын шашқан шаңырақтың бақыты - балалары.


Көп балалы ананы дәріптеп, көпке үлгі ету мақсатында “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы жанындағы “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы Нұрсұлтан Манатбеков қаламыздың тұрғыны, көп балалы жас ана Галима Ахметованы мерекемен құттықтап барды. Галима Ахметованың аудандық “Жас Отан” жастар қанатының Алғыс хатымен марапаттап, сыйлық табыс етті.
Галима Ахметова 25 жаста, 6 қыз баланың анасы, сүйікті жар. Аланың мейірімі түскен шаңырақ иелері Сауран Ахметов пен Галима Ахметова төрт қыздан кейін, осы жылдың басында егіз қызды болды.
- Мен үшін жұмыстан шаршап келгенде алдыңнан “папалап” жүгіріп шыққан балапандардың бал қылықтарынан асқан бақыт жоқ. Олардың шат-шадыман күлкілері жан тербетеді. Алтындай алты қыздың әкесі болғаныма қуанамын. Енді осылардың баққытты болуы үшін қолымнан келген бар жақсылықты жасаймын,- деген ардақты әке Сауран Ахметов жарына деген ризашылығын да жеткізді. Ал, Галима алдағы уақытта балапандарының амандығын тілеп, Алла нәсіп етіп жатса шаңыраққа ие болатын ұлды болуды да арамандайтынын жасырып қалмады.
Біз де өз тарапымыздан берекелі ша­ңы­рақ иелеріне шекесі торсықтай рухты ұлды болуды тілеп, қыздарының қы­лықты болып өссін деген ізгі
ниетімізді білдіреміз.