Жан жылытар шаралар

http://turizm-hit.ru/

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Жаңа жыл мерекесін ұштастыра отырып, аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев бастаған бірқатар аудан басшылары Ақкөл ауылындағы көп балалы, мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға арнайы барып, азық-түлік табыс етті.

Қайырымдылық көмек көріп, риза болған жандарды аудан басшысы айтулы мерекелермен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ, Ақкөл ауылынан сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Мұрат Несіпбаев «Ақкөл» орта мектебінің бірқатар оқушыларына спорт киімдерін табыс етіп, ауыл тұрғыны, екінші топтағы мүгедек, жалғызбасты ана Несіпкүл Аганжеваның үйіне ауыз су құбырын тартып, екі газ балонын толтырып берді.
Сонымен қатар, ауыл әкімі Асқар Қуаныш пен Мұрат Несіпбаев және учаскелік инспектор мен аурухана мейірбикесі ауылдық округке қарасты он шаруа қожалықты аралап, мерекемен құттықтады және арнайы апарған сый-сияпаттарын табыс­тады.
Аты аталған жомартқолды жандарға көпшіліктің алғысы шексіз.
Нұрғазы Шеңгелбай,
Ақкөл ауылы.