Діни тұрақтылық – мемлекеттің берік тірегі

http://turizm-hit.ru/


Аудандық мешіттің бас имамы Нұрсұлтан Әлиев діни экстремизм мен терроризм туралы баяндап, сөз соңында:
- Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі болып табылады. Мұндай сайттарды екіге бөліп қарастыруға болады. Сондай-ақ, сайттағы түрлі шейхтардың уағыздары бейне-жазба түрінде таратылады. Уағыздарда зайырлы биліктің исламға жат екендігі, мұндай мемлекет басқарушылары, дін қызметкерлері «діннен шыққандар» деген пікір мейлінше, дәлелді айтылып, оларға бағынбауға шақырады. Мұндай ақпараттар сауаты төмен, өзін мұсылман санайтын адам санасында қысымдағы мұсылмандарды құтқару мен халифат сипатындағы мемлекет құруға қатысу, қажет болса, құрбан болу туралы ой туындатады. Өз ойын сайтта берілетін жихадқа шығу, шахид болу туралы хадистер мен аяттар арқылы нығайтып, өзгермес ұстанымға, өмірлік мақсатқа айналдырады.
Сол себепті, мұндай мәселені шешу ұлттың кел­бе­тін сақтаудың кепілі болмақ. Бір ұлттың діни ұс­та­нымдар негізінде бөлінуі салдарынан тұтас мемле­кет­тердің тұрақтылығы шайқалғандығын та­рих көр­сетіп берді. Аталмыш мәселенің алдын алу керек, - деді.
Аудандық жергілікті полиция бастығы Дархан Рысдәулетов, экстремистік топтардың және тер­роризмнің шығу тарихы жайлы және оның алдын алу туралы жан-жақты айтып берді.
Кеш өте әсерлі болды. Слайд арқылы «Діннен адасқан ағымдар» атты бейне-ролик көрсетілді. «Дінің тұрсын дін аман» атты кітап көрмесі кешке келушілер назарына ұсынылды. Кештің тартымды өтуіне кітапхана библиографы Ару Айдарбекова айталықтай үлес қосты.
Кеш соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар койылды.
Анар Қалыбекова,
аудандық орталық кітапхананың қызметкері.