Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы

http://turizm-hit.ru/

Мәуліт арабша «туы­лу», «туылған уақыты» деген мағына­ларды білдіреді. Адамзат­тың асылы, Пайғамбарлардың ардақ­тысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақы­тына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады.


Әлемдердің Раббысы Пайғамбардың сипаты туралы: «Әнбия» сүресі, 107-аята «Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік», - дейді.
Ақиқатында, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол­сын) жаны жай тапқанша үмметіне деген үгітін еш үзбеді. Көңілдердегі кірді, қайғы-қасіретті кетірді, әлсізді демеді, шектен шыққанды сабасына түсірді, күллі адамзаттың рухани әлемін дүр сілкіндірді, зұлымдық пен надандықтың қараңғылығын сейілтті, ізіне ерген ізгілерді жасампаздыққа, жарқын болашаққа бастады. Артындағы бізге пәни дүниеде бағдаршымыз болатын Құдай тағаланың кәләмі Құран кәрім мен Өзінің сүннетін – түні де күндей жарқыраған, рухани соқырдан өзге жан адаспай табатын сара жолды қалдырды. Оны досымен қатар дұшпаны да мойындады. Есімі аталғанда еріксіз құрметпен бас иді. Оның бетіне басатын ешбір айыбын, кемшілігін таба алмады. Сөзі мен ісінің шынайылығына қарсы ешбір уәж айта алмады. Өйткені, Ол екі дүниенің сардары, әлемдерге жіберілген илә­һи рақым нұры, адамзат ұрпақтарының ішіндегі ең абзалы, Жаратқан Иенің ең сүйікті құлы әрі ардақты Елшісі.
Адамзаттың осы асыл тұлғасы Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт мерекесінде Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік артады. Ал, Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 6-аятында:
«Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық»,- деп Пайғамбарды өзімізден де артық жақсы көру керектігін білдірді. Ал Пайғамбарымыз иманның ләззаты жөнінде:
Яғни: «мына үш нәрсе арқылы адам баласы иманның ләззатын татады: Солардың бірі - Алланы және Оның елшісін өзге нәрселердің барлығынан артық жақсы көру..», - деген.
Міне, Пайғамбары­мыздың осы сөздеріне амал еткен сахабалар Пайғамба­рымызды барлығынан да артық жақсы көре білді.
Хасан әл-Басри (р.а.): «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (с.а.с) мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім», - деген. Жалалуддин ас – Суюти (р.а.): «Бір үйде немесе мешітте Пағамбарымыздың (с.а.с) мәуліті оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер қоршап алады, олардың барлығына Алла тағаланың рахметі жауады және үйіне нұрмен оралады. Себебі, періштелер Пайғамбарымызға (с.а.с.) мәуліт оқығаны үшін ол адамға салауат айтып тұрады», - дейді.
Пайғамбармызға (с.а.с.) са­лауат айтудың артықшылығы жөнінде хадис-шәріпте (с.а.с.): «Кия­мет күні маған ең жақын адам – Маған ең көп салауат айтқаны» «Имам Термизи». «Қасында Менің атым аталып, Маған салауат айтпаған адам - анық сараң» «Имам Термизи».
Бұл айда атап өткізудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жас­тар­ға имандылық қағидат­­та­рын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгер­шілікке, ата-ананы құрмет­теуге және түрлі теріс қылықтардан сақтауға шақыру.
Шарапатты мәуліт мерекесі біздің халқы­мызға да құтты болсын. Осынау айтулы мейрам­ның аясында Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсырақ танып, өсиеттерін тере­ңірек түсінуді нәсіп етсін. Осы мереке адам­­дар арасындағы рақым - мейі­рімнің, иманды­лықтың, бауырмал­дық-тың арта түсуіне бір сеп болғай. Пайғамбардың әміріне мойынсұнып, тыйымынан тыйылуға түрткі болғай. Қадірлі ағайын, тал бойы тәрбиеге толы, өмір жолында үмбетіне өнегелі із қалдырған Мұхаммед (ﷺ) пайғамбарымыздың туылған мәуліт мерекесі баршамызға құтты бол­сын! Алла Тағала еліміз­ге амандық, әрбір отбасыға бақ-береке нәсіп етісін. Мәуліт айындағы игі істеріміз мол сауаптарға ұласқай!
Н.Алиев,
Талас ауданының
бас имамы.