Қасиетті айдағы қайырымдылық

http://turizm-hit.ru/

Қасиетті Рамазан айында түндердің сұлтаны болған Қадыр түні қарсаңында аудандық Қаратау мешетінде қайырымдылық шара болып өтті.

Қайырымдылық шараны аудандық Қаратау мешітінің бас имамы Алиев Нұрсұлтан Қалдарханұлы аз қамтылған, көп балалы отбасы саналатын қала тұрғындарына деген жылы лебізімен бастады. Қаратау қаласы бойынша әл-ауқаты төмен 55 отбасына күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түліктерді мешіттің бас имамы өз қолымен табыстады. Игілікті іске арқау болған қаламыздағы үлкенді-кішілі кәсіпкерлер, қайырымды қала тұрғындары және мешітімізге жиналған пітір-садақалар,-дейді мешіт имамы. Арнайы қайырымдылыққа алынған азық-түліктер түгелдей дерлік мұқтаж жандарға үлестіріліп берілді.
Сауаптар еселеніп жазылатын қасиетті айда жасалған қайырымды істер халыққа қуаныш сыйлауды. Дәстүрге айналған бұл шара жыл сайын жалғасын таба бермек.

Әбдіманап Кеңес,
Сүлейман Демирел атындағы университеттің білімгері.