Батагөй қариялар мен жас қарилар сынға түсті

http://turizm-hit.ru/

Мадина Жарас, «Талас тынысы».


Аудан ақсақалдарының арасында ұйым­дас­ты­­рылған “Бата бе­ру” жа­­рысы мен жасөс­пірімдер ара­сындағы “Құран оқу” жарысының өтуіне мар­құм­ның ар­тында қалған ұр­пақтары мұрындық болса, шараны Тамды ауылындағы «Тәңкібай ата» мешітінің имамы Нұрбол Төреқұлов ұйымдастырды. Екі бөлім бойынша өткен сайысқа ауданның бас имамы Нұрсұлтан Әлиев, «Жастар ресурстық орталығы» дін істері мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі Сәкен Құлбаев, лицейдің тарих пәнінің оқытушысы Есім Үстенов қазылық етті.
Алғашқы бөлімде бата­гөй қариялар түр­лі та­қырыпта, яғни, дас­тар­хан-дәм батасы, жас отауға берілетін бата, жол-сапар батасы тағы сол сияқты баталарды жатқа айтудан сынға түсті. Сәйкесінше, сайыстың бұл түрі киім үлгісі, жатқа және мәнерлеп оқуы мен батаның тәрбиелік мәніне қарай бағаланды.
Ал, “Құран оқу” жары­сына талабы таудай жас жеткіншектер қатысып, бақтарын сынады. Құран сүрелерін мақамына келтіріп, жатқа оқыған жас өрендер көпшілік ықыласына бөленді. Бұл сайысты әділқазы алқасы құранды оқу мәнері мен оқылу тәртібіне, араб қарпінің дұрыс дыбысталуына баса назар аударып, сол бойынша бағалады. Осы орайда, айта кететін бір жайт, құран жарысының ең жас қатысушысы жеті жасар Абдурахман Қалдарханға Тамды ауылының әкімі Саят Момбеков жеке өз атынан сый-сияпат жасады. Сонымен қатар, шараны ұйымдастырып, демеушілік жасаған Мырзағұлұлы Бабаханның ұлдары шә­кірт тәрбиелеп, бәйгеге қосқан барлық ауылдық округ имамдарына ілтипат көрсетіп, сый-сияпат жасады.
“Бата беру” жарысы бойынша бірінші орынды Майтөбе ауылының ақ­сақалы иеленсе, екін­ші орын Ақкөл ауы­лының батагөй қариясына бұйыр­ды. Ал, жүлделі үшінші орынды Бостан­дық ауылының қариясы иеленді. “Құран оқу” жарысы бойынша бірінші орын биігінен Тамды ауылының жас талабы Нұрасыл Ескермес көрінсе, әділқазы алқасы екінші орынға Майтөбе ауылынан келген жас жеткіншекті лайық деп тапты. Үшінші орынды Бостандық ауылының баласы қанағат тұтты.
Шара соңында ау­данның бас имамы Нұр­сұлтан Әлиев сөз сөй­леп, барлық қаты­су­шыларға сертификат пен бағалы сыйлықтар табыс­тады.