Ерлік-өшпес өнеге

http://turizm-hit.ru/

Халқымыздың ұл-қыздары қан майданда жауға қасық қаны қалғанша қарсы тұрып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Өскелең ұрпақ елге азаттық таңы мен бейбіт күнді сыйлаған қаһарман жауынгерлердің өшпес рухы мен өнегелі істерін ұмытпайды, мақтан тұтады.


«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұрсұлтан Манатбеков пен аталмыш мекеме қызметкерлері Жеңіс күні мерекесіне орай қаламыздағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді құттықтады. Жамалбек Нұрмаханбетов, Бестен Тілеп және Мария Бурулеваның үйлерінде болып, Алғыс хаттар мен сыйлықтарын арнайы табыстап, достық пен бірлікті қастерлеген асқақ рухты аға буынды үлгі тұтатындығын жеткізді.