Таланттарды шыңдаған саз сайысы

Музыка-жүрек тілі, ол-сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Дыбыстар арқылы бей­неленген жан сарайы. Әуен адамды бі­ріктіріп және әрбір жанға өзін-өзі терең түсінуіне көмектеседі, тыңдарманның се­зімі мен ойын байытады.
Оқушылардың эстетикалық тәрбие­сін жетілдіру мақсатында балалар өнер мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жанар Ермағанбетованың ұйым­дас­­ты­руымен «Музыка көшбасшы­сы» атты мектепішілік байқау болып өт­ті. «Жор­ға сайыс», «Күй жұмбақ сайысы» және «Бәйге жарыс» атты кезеңдерді қам­тыған шараға 4 пен 6-шы сыныптардан 6 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Байқау нәтижесінде, өнерімен көптің көңілінен шығып, қошеметіне бөленген Жұлдызай Әбдікәрім бас жүлдені иеленсе, Тамирис Тұрысбек 1 орыннан көрінді. Ал, қатысып, белсенділік танытқан Бота Тұрар, Нарбота Сарабек, Назым Әліпхан, Аяулым Шымырбай Алғыс хаттармен марапатталды.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер