Бейбіт Ыстыбаев - «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің жеңімпазы

Бейбіт Ыстыбаев 2015 жылғы «Қазақстан барысы» атанды. Ақтық айқаста «Тараз арланы» лақап атымен шығып жүрген Бейбіт Ыстыбаев «Сыр арланы» Руслан Әбдіразақовпен белдескен еді. Екі апайтөс палуан біразға дейін бір-бірін еңсере алмады. Алайда, ұпай санымен Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, 2012 жылы «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев араға үш жыл салып сол жетістігін қайталады. Осылайша, қазақ күресінен турнирді екі мәрте жеңіп алған бір ғана барыс ол - Бейбіт Ыстыбаев болып отыр. «Қазақстан Барысы-2015» V республикалық турнирінің жеңімпазы Б. Ыстыбаевқа 150 мың АҚШ доллары берілді. Оның жаттықтырушысы Елдос Далабай 20 мың доллар сый алды.
Айта кетейік, жеңімпазға «Қазақстан барысы» жүл­десін «Самұрық Қазына» қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков табыс етті.
Ал күміс жүлдегер Руслан Әбдіразақов 30 мың АҚШ долларын алса, қоланы иеленген палуан Ғани Сейділдаев 10 мың АҚШ долларын алды. Айта кетерлігі, «Жеңіске жігері» үшін арнайы жүлдені тамаша тартысты белдесу көрсеткен Нұрым Сәлімгерев иеленіп, оған «Самұрық-Қазына» қорынан автокөлік сыйланды.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер