Медиацияның қоғамдағы атқаратын қызметі
- Толығырақ
- Жарияланды 28.10.2016 08:12
- Автор: Super User
- Категория: Құқық
- Қаралды: 1493
Демек, медиатор дегеніміз – өзара жанжалдасушы немесе дауласушы тараптардың арасында орын алған даулы мәселелерді олардың өздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағдайда шешуді жүзеге асыратын маман. Жалпы, осы саланың бүге-шігесін терең меңгерген мамандардың айтуынша, медиаторларды бітімгер немесе мәмілегер деуге әбден болады. «Бітімгер» деген мамандық қазірде қоғамда болмаса да, ауыл арасында қолданылады.
Еліміздің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыру, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесін уақытылы қорғау және қалпына келтіру мақсатында бірқатар іс-шаралар қамтылған болатын.
Оның ішінде, жеке құқықтық даушарлар тараптары арасындағы ымыраға қол жеткізудің сот және соттан тыс тәртіппен қолданылатын түрлі жолдары мен әдістерін белгілеуге бағытталуы мүмкін әрекеттер де көрініс тапқан еді. Осыған орай, 2011 жылдың басында Елбасы Н.Назарбаев ҚР–ның «Медиация туралы» Заңына қол қойды.
Заңның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.
Заң бүгінгі таңдағы құқық және сот саласына арналған заңдардың ішіндегі шоқтығы биік құжат деп айтуға болады. Заңда дәйектеліп отырған екі тараптың өзара мәмілеге келу мәселесі айыпты жеңілдету немесе оған жаза бермеу жоғарыда айтылғандай біздің ата дәстүрімізде болып келген үрдіс.
“Медиация туралы” ҚР Заңы қолданысқа енгізілгелі бері медиация туралы үгіт - насихаттар, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижелері де аз емес. Соның бірі, Талас аудандық сотының судьялары «Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының жүзеге асырылу мәселелері» тақырыбында аудандық, қалалық мекеме өкілдері, медиаторлар арасында дөнгелек үстелдер мен жиындар өткізді. Онда медиацияның қолданылу аясы, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың міндеттері мен атқаратын қызметтері түсіндіріліп өтті.
Нұркелді СЕРҒАРА, «Тұрғын үй жөндеу-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері.
Газет pdf нұсқасы