Жүлдемен оралдық

http://turizm-hit.ru/

Облыс әкімдігінің жас­тар саясаты мәселе­лері басқармасы «Жас­тар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйым­дас­тыруымен Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап кітапханада «Мамандығым-мақтаны­шым!» атты жас мамандар арасында облыстық байқау өткен болатын.


Байқауға қатысушылар «Үздік модельер-пішуші», «Үздік кондитер», «Аяқ киім жасау шебері», «Үздік ағаш ұстасы», «Үздік программист-дизайнер» аталымдары бойынша сынға түссе, ауданымыздан «Үздік модельер-пішуші» аталымы бойынша Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап дайындаған «Көшпенділер» тақырыбындағы киімдер топтамасын ұсынған өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі әрі жеке кәсіпкер - Марина Сидалиева өзге модельер-пішушілердің алдын орап, «Үздік модельер-пішуші» аталымын жеңіп алды.
«Үздік программист-дизайнер» аталымы бойынша өз жұмыста­рын ұсынған «Азия­полиг­рафия» типог­рафия­сының программисі – Багила Турсунова және Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгері – Сәния Айтбаева Алғыс хатпен марапатталды. Байқауға қатысқан қала және әр ауданнан келген кәсіптік сала мамандарының жұмыстарынан жинақ­талған көрме мамандарға өзара тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.

А.Байболатова,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау қаласы бойынша аға кеңесшісі.