Қоғам дертінің алдын алу
- Құрылды 15.06.2015 11:19
- Категория: Мақалалар
Облыстық ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Н.З.Турабекова және Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры А.Шахабаеваның ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында Талас ауданының өртке қарсы қызмет горнизоны қызметкерлеріне құқық бұзушылық профилактикасы, қызметтік тәртіпті қатаң сақтау және ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңдарын сақтау мақсатында оқу жиынын өткізді.
Толығырақ...Еліміздің еңсесін көтерер бастама
- Құрылды 15.06.2015 10:57
- Категория: Мақалалар
Елімізді алға жетелейтін, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін, құндылықтарымызды өрістететін «Нақты 100 қадам» бағдарламасы баршамызды жігерлендіріп, сенімімізді бекіте түсті. Ол жаһанға төнген сын-қатерлердің алдын алуға арналған маңызды құжат деуге де болады. Бұл айқын мақсат, жігерлі құлшыныс, сенімді ұмтылыс жолындағы өзекті бастама болмақ.
Менің аса көңіл бөлгенім, болашағы біртұтас ұлт құндылықтарына арқау болған-төртінші реформа. Біртұтас ұлт құндылығы «Мәңгілік Ел» идеясына келіп саяды.
Жалпы, Мәңгілік Елді жасайтын-жастар. Жаңарудың бастау көзі-жастарда. Қазіргі жастарымыз имандылыққа жақын, жаны таза, ескі идеологияны көрмегендер. Сондықтан, «Мәңгілік Ел» идеясын жастарға арналған жаңа идеология деуге болады.
Мемлекетіміздің өзегі де, негізі де-қазақ халқы. Осы мемлекетті құрушы қазақ халқының айналасына еліміздегі басқа ұлттар топтасып, бір мүдде жолында еңбек ете отырып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосса, нұр үстіне нұр болар еді. Ал, осы мақсатты жүзеге асыруда қазақ халқына зор жауапкершілік жүктелетіні анық. Ал, жастарға артылар жүк одан да ауыр.
Институттық реформалар қоғамдық қатынастар жүйесін түгел өзгертеді. Сондықтан да, халықтың қолдауына ие болып отыр. Сұраныс көбейіп, талап күшейтіледі. Осының бәрі жарқын болашақ жолында жасалып жатқан игі қадамдар.
Аңсаған ИгеновА, ҚазҰУ-дің білімгері.
Нұрлы болашаққа бастар батыл қадам
- Құрылды 15.06.2015 10:49
- Категория: Мақалалар
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам жүктегені белгілі. Бұл- Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық аренада болашаққа дұрыс бағдар ұстануымыздың кепілі. Атаған бағыттың ІІІ. Индустрияландыру және экономикалық өсім бөлімі бойынша 35-қадам. Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер Кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу және 36-қадам. Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұхсат алу рәсімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру деген сөздер назарымды бірден аударды. Рас, ауданымызда шаруамен айналысу үшін қожалықтарға жалға жер берілген болатын. Алайда, тетігін тауып, кәдеге жаратып, кәсіпке айналдырып жатқан шаруа қожалықтары некен-саяқ. Ал, сұраныс білдіріп, іс жасаймын деген азаматтарға шұрайлы жер керек. Ауданымыз мал шаруашылығына қолайлы, шабындық пен суармалы жер аз. Сондықтан, пайдалануға мүмкіндігі жетпеген шаруа қожалықтары жерінің бір бөлігін жұмыс жасаймын деп білек түреніп отырған азаматтарға өткізгені дұрыс емес пе? Одан ешкім ұтылмайды. Керісінше, аудан тұрғындары жергілікті өнімге қол жеткізіп қана қоймай, қосымша жұмыс орны ашылар еді. Жалпы, Ұлт жоспары- 100 қадамның ұтымды тұстары көп. Бастысы кедергісіз келешектің жоспары бұл.
Көшпенбет НҰРБЕКОВ,
аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы.
Жұмыстан заңсыз босатылған ұстазсот шешімімен жұмысқа қайта орналастырылды
- Құрылды 15.06.2015 11:16
- Категория: Мақалалар
Қамысбай САУҚЫМОВ, “Талас тынысы”
2015 жылдың маусым айының 9 жұлдызында Талас аудандық сотының судьясы Ж.Б.Жақсылық технология пәнінің мұғалімі Абитхан Зиятханович Аубакировтың “Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі А.Даулетбеков атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыстан босату туралы бұйрығының күшін жойып, жұмысқа қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне айлық жалақысын өндіру және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі бойынша сот шешімін жариялап, брифинг өткізді.
Толығырақ...Халыққа қызмет етудің жаңа үлгісі
- Құрылды 15.06.2015 10:52
- Категория: Мақалалар
Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынып отырған бес реформа бүгінгі күні туындап отырған сын-қатерлерге лайықты жауап болмақ. Бұл реформаларды жүзеге асырудың қазірдің өзінде нақты жоспарларының болуы қуантады.
Толығырақ...Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы