Азаматтық борышымыз
- Құрылды 10.02.2017 10:37
- Категория: Жемқорлық-індет
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.
Толығырақ...Жемқорлықпен күрес жұмысы зерделенді
- Құрылды 31.01.2017 04:15
- Категория: Жемқорлық-індет
Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, сараптамалық топтық жетекшісі, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы партияның “2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барғарламасының “2015-2016 жылдары іске асыру барысын зерделеді.
Толығырақ...Қоғамның жегі құрты
- Құрылды 20.12.2016 05:49
- Категория: Жемқорлық-індет
Тамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдаушылық тудырып отырғаны орынды. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, артық айтқандық емес.
Толығырақ...Індетті асқындырмаған абзал
- Құрылды 10.02.2017 10:35
- Категория: Жемқорлық-індет
Бөлтірік шешен ауылдық клубында Кеңес ауылдық округінің әкімі Болатжан Дуанбек, “Жастар ресурстық орталығының” аға нұсқаушысы Жәнібек Қашқынбаев, Кеңес ауылының учаскелік аға инспекторы Жомарт Омаров және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты жиын өтті.
Жиында сөз сөйлеген Ж.Омаров:
-Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады. Жемқорлықпен күрес күн сайын қарқын алып келеді десек те, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндер қатары да азаяр емес,-дей отырып, онымен бір кісідей күрескенде ғана оң нәтижеге қол жеткізе алатындарын түсіндіріп өтті.
Ал, Ж.Қашқынбаев та бұл мәселе жөнінде ауқымды әңгіме өрбітті. Сонымен бірге, Ербол Сүлейменов те осы мәселеге қатысты өз ойын ортаға салды.
Жанар Мырзамбетова,
Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы әдістемелік бөлмесінің меңгерушісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру-басты міндет
- Құрылды 06.01.2017 08:50
- Категория: Жемқорлық-індет
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылы 18 қарашада қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген жаңа Заңда қаралған.
Толығырақ...Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы