Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Келешек келбетін айқындайтын бағдарлама

Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жу­ыр­да ғана жария еткен мемлекеттік дамудың бес ин­­с­ти­туттық рефор­масында жаңа да жасампаз бағытты жан-жақты та­рата отырып, барша­мызға нақты тап­сыр­малар мен мін­деттер жүктеп отыр.

Экономист ретінде мені аса қызықтырғаны-Елбасы нұсқаған «Нақты 100 қадам» бағдарламасында отандық қаржы институт­тарының бүкіләлемдік деңгейдегі мәртебесін арттыру болып отыр.
Мен экономист ретінде бұл тапсырмалардың күні ертең берері мол болатынына сенімдімін. Қаржы орталықтарын ашу арқылы ел экономикасына тың күш беріп, серпінді дамуға қол жеткізетініміз анық. Аталмыш құндылықтарға қол жеткізу арқылы біз бәсекелестікті дамытамыз әрі сол бәсекеге қабілетті болуға шыңдаламыз. Елбасымыз айтып өткендей, өнім өңдеу секторын дамытып, оны экономикалық өсудің тетігіне айналдыруымыз керек. Индустрияландыру еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға жағдай туғызады. Осының бәрі бағдарламаның «Индустрияландыру мен экономикалық өсу» бөлімінде нақты айтылған.
Бес институттық реформа «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру, дамыған 30 елдің қатарына енудің алғышарты деуге болады.
Елбасымыз айтып өткендей, «...ұсынылып отырған шаралар қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертпек». Олай болса, келешекте еліміздің ертеңі, елдің бірлігі мен Отанымыздың баянды болашағы жолында барлық мүмкіндіктерді пайдаланатын боламыз.

Әлия Сағынбекова,
аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер