Сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды
- Толығырақ
- Жарияланды 20.04.2015 04:25
- Автор: Super User
- Категория: Санаты жоқ
- Қаралды: 11468
ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов еліміздің өңірлерін аралап, сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда
Астана қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов пен республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі А.Қоңыров кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті.
Тараптар сайлауалды науқанының барысы туралы сұхбаттасты, сайлау комиссиялары жұмысында қоғамдық бақылаудың маңыздылығына тоқталды.
Т.Сыздықов комиссия өкілдеріне штаб жұмысынан хабардар етті, насихат материалдарымен таныстырды, аймақтардағы шаралар және алдағы жұмыс жоспары туралы айтып берді.
- Қазақстанда сайлау насихатын өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Сайлау науқанын жүргізу барысында аймақтық сайлау комиссиялары тарапынан берілген кеңестер мен тиімді заң талаптары, БАҚ-тың мәселелерді толықтай қамтуы, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар – мұның барлығы сайлау науқанын қалыпты және келеңсіз өткізуге толық мүмкіндік береді, – деп атап өтті кандидат.
А.Қоңыров бақылаушылардың назарына ҚКХП кандидатының үгіт-насихат материалдары БАҚ-та толық жарық көріп отырғандығын жеткізді.
Сайлау науқаны басталғалы бері БАҚ-пен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде, 40-қа жуық интернет желілерінде біздің кандидатымыз және сайлауалды штаб туралы 100-деген материал және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 20-дан аса мақала жарық көрді.
Жалпы алғанда, сайлау науқаны басталғалы республикалық штабтың ұйымдастыруымен Тұрғын Сыздықовтың Қазақстанның 5 аумағында сайлаушылармен 11 кездесуі өтті.
ҚКХП кандидатының насихат автокеруені Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстанда болды.
Бүгінгі күнде сайлауалды науқанға облыс орталықтарының 203 қалалық және аудандық комитет, 2000 аса бастапқы партиялық бірлестік қамтылған. Аймақтық штабтар сайлаушылармен кездесу ұйымдастыруда. Насихат жұмыстары партияның бастапқы өкілдіктерінде қолға алынған.
Кездесу соңында, қос тарап кездесу барысында ашық және пайдалы сұхбат болғандығын атап өтті.
***
ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Алматы және Павлодар облыстарындағы аймақтық сайлауалды штабтары өз жұмыстарын жалғастырды.
Талдықорған қаласында сенімді тұлғалар батыс стандарттарының теріс ықпалы туралы талқыланды.
«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.
Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», - деп атап өтті Алматы облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі.
Батыс қоғамында әлеуметтің одан әрі жеткілікті өрбуі үшін тұлғаның моральдік-психологиялық дамуы мойындалмайды.
Айтылған мәселелердің бастауын ҚКХП жанұялық-туысқандық және ұлттық ерекшеліктерді ескермейтін батыс құндылықтарын кең насихатталуынан көреді.
Сонымен қатар, ҚКХП кандидаты Т.Сыздықовтың бағдарламасы Павлодар қаласында талқыланды.
Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, кино өнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда.
Жанұялық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем және тең құқылық ретінде беріліп жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайлылыққа әкеледі.
Бүгін буындары қатып үлгермеген әлемнің барлық жастары батыстық киімдерді киеді, шетел әуендерін тыңдайды, голливудтық фильмдерді және сериалдарды көреді.
Батыс сән үлгісінің ең қауіпті көріністері - компьютерлік ойындар, фильм-блокбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең таралған зорлық-зомбылық, қаталдылық культтері.
Мұның барлығы – бос уақыт өткізу емес, бұл тұтыну мәдениетінің жалпыға бірдей таралу үрдісі.
***
ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Орал қаласындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы – коммунистік идеяны ұстанатын азаматтардың ерікті бірлестігі.
Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған.
Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып, құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз.
Соңғы жылдары халықаралық ұйымдардың диетологтары дабыл қағуда.
Барлық батыс елдері дұрыс өмір салтын қолданбау, тамақтану мәдениетін ұстанбау және фаст-фудтың кесірінен семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, қандағы қант деңгейінің өсуі, есту, көру, қол-аяқ жұмысының бұзылуы сынды денсаулық ақауларынан зардап шегіп отыр.
Бүгінде дәрігерлер батыс елдеріндегі тұрғындар арасында семіздіктің өршуін тез тамақтану немесе фаст-фудтың кесірі деп біледі. Фаст-фуд тағамдарының кері әсеріне қарамастан үлкен қалаларда оның тұтынушылары күн санап өсуде. Тұтастай алғанда, фаст-фуд секілді тез дайындалатын өнімдер, газды сусындар – медиа жарнамалардың арқасында әлемге тез таралып кетті.
Түрлі арнайы дәмдеуіштер және тез дайындалатын тағамдарды тұрақты қолдануларына бой алдырту арқылы фаст- фуд тағамдарынан бүгінде қауіп туындауда.
Мұндай тағамдарды сатып алатын және қолданатын әлемнің барлық адамдары, әсіресе, жастар батыстық корпорациялардың пайдасы үшін өз денсаулықтарын және өмірлерін қатерге тігуде.
Фаст-фудтың құрамында көптеген консерванттар, ас дәмдеуіштер, бояулар, тағам қоспалары секілді түрлі химиялық қоспалар бар екендігі ғалымдар тарапынан дәлелденді. Сонымен қатар, оның құрамына денсаулыққа зиянды мөлшерден тыс қант және тұз қосылады. Әрбір гамбургердің құрамындағы қатерлі және белгісіз токсинді заттар трансмайлар – канцерогендер түрлі қатерлі ісік ауруларына шалдықтырып, адам ағзасын бой алдыртып және біртіндеп улауда.
Т.Сыздықовтың айтуынша, фаст-фудпен қатар тұтынушылардың денсаулығына түрлі газдалған сусындар да кері әсерін тигізуде. Кейбір сусындардың құрамы Менделеев кестесін елестетіп, адамның ас қорыту жүйесінде кері химиялық әсер береді.
Көптеген елдерде фаст-фудтың кесірінен туындаған семіздік ауруы ұлтқа төнген қауіппен теңестірілген,-деді Т.Сыздықов.
Адамгершілік, қайырымдылық, сенім, бірізділікті жоғалтудың аз-ақ алдында тұрған адамдар жеке басының өсуі мен дамуына көңіл аудармайды. Сонымен қатар, олар бұқаралық қолданушыларға арналған медиа-өнімдерді автоматты түрде қолданатын тұтынушыларға айналады. Бұның қатарына жеңіл өмірді суреттейтін, жалғанға толы және жансыз өнімдерді жатқызуға болады-деді Т.Сыздықов.
Т.Сыздықовтың ойынша әсіресе, батыстық мультфильмдер және компьютерлік ойындар көңілге кірбің ұялатады.
Телевизор және гаджеттердің экрандарынан тек қана арамзалық, азғындық және мәдениетсіздік төгілуде.
Кездесу соңында Президенттікке кандидат Т.Сыздықов студенттер және оқытушылардың кейбір сұрақтарына жауап беріп, өзінің алдағы сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті.
Одан әрі кездесу барысында облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі С.Жарылғасымов сөз алып, қысқаша түрде сайлауалды науқанның насихат жұмыстары және іс-шаралар туралы айтып берді.
***
ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді.
Өскеменде кандидаттың сайлаушыларымен екі кездесуі өтті. Кездесуде Тұрғын Сыздықов сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды және сұрақтарға жауап берді.
Кандидаттың сенімді тұлғалары тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізуде.
Павлодар облыстық сайлауалды штабының жетекшісі үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.
Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының идеяларын насихаттап, марксизм-ленинизм идеяларына негізделіп құрылған.
Сайлаушылар коммунистердің көзқарасы, өмірдің мазмұны және ережелері туралы хабардар болуда
Қарапайымдылық және еңбексүйгіштік, шашпалық пен ысырапшылыққа жол бермеу нағыз лениншілдерге тән қасиет.
Ұжымдық және бірегейлік партия құрылымының негізі. ҚКХП мүшесі дегеніміз тек өзінің қамын ойламай, жолдастарына көмекке келуге әзір болу, ұжымның мүддесін өзінікінен жоғары қою демек.
Коммунистік партияның мүшесі батыс қоғамының теріс ықпалына берілмеуі керек, қоғамдық идеалдарды батыстық тұтынушылық стандарттардың алмастыруы жастарды «тоғышар тұтынушыға» айналдыруы мүмкін.
«Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындағын батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде,- делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.
Бұл күні Қарағанды қаласында да батыстық өмір құндылықтары туралы сөз қозғалды.
«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», - деп атап өтті кездесу барысында сенімді тұлғалар.
Батыстық үлгінің ең негізгі қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блогбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең тараған зорлық-зомбылық, қаталдық культтері. Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерінен айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады.
Кандидаттың хабарлауынша, сананың классикалық әмбебап құндылықтары және әлеуметтік өмірдің шарттары жойылуда.
Батыстың кемшіліктері әсіресе, мәдениет саласында анық байқалады. Себебі, тұтыну, көп жағдайда, материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады.
Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез-келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал, оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.
Өмірдің мәні материалдық мүдделерін қанағаттандыруға, ал, барлық қоғамдық үрдістер бизнеске бағытталған.
Мықты моральдік негізі, түп тамыры, ұлттық санасы, қандайда бір діни ұстанымдары мен ұлттық рухани идеялары болмаса, ондай елдің болашағы да жоқ.
Батыс мәдениетінің аясында тәрбиеленген адам өмірдің мәнін тұтынушылықтан іздейді.
Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Салауатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамға нәресте шағынан сіңірілуі керек. Балалар тек пайдалы тағамдарды тұтынып, дене шынықтырумен айналысып, сезім, сыйластық және құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды танып өсуі керек.
Адамдар зияткерлік, білімпаздықтарын жоюда және келешек ұрпақтарының және өздерінің денсаулықтарын құртуда. Жастар дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық идеалдарды танып өскенде ғана батыстық мәдениеттің ықпалынан құтылады.
Газет pdf нұсқасы