Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Құнды құжаттар қоры

Нарбол Қашаған, «Талас тынысы».
Мұрағат- ескірген құжаттар мен жазба ескерткіштерін, жеке бөлімге немесе жеке адамға қатысы бар қолжазба, құжаттар сақтайтын мекеме.

Құнды дү­ние­лерді қаттап, құнттап бүгінге, болашаққа жеткізетін мекеменің жұмыс жүйесі мен жабдықтарын жаңарту қазіргі заман талабы. Осыған орай «Талас ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің оқу залында Жамбыл облысы әкімдігінің мұрағаттар мен құжаттама мәдениет басқармасы облыстық, қала және аудан­дар­дың мемлекеттік мұрағаттардың жауапты қызметкерлерінің қаты­суымен «Ұлттық мұрағат құжаттарының мемлекеттік есе­бін жүргізу мен мұрағаттық құжаттардың сақталуының жай-күйі, іс тізілімдемелерін қайта өңдеу және жетілдіру» атты облыстық семинар болып өтті.
Шараның ашылу салтанатын­да сөз алған Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева күн тәртібінде көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығына тоқтала келе: «Мекеме жұмыс жасағанда ға­на еңбегіміз көрінеді. Тәжірибелерін жетілдіру үшін әр мұрағатшы біліктіліктерін арттыру курстарына баруы қажет. Әр мекемеде бір мұ­рағатшы болуы тиіс. Біз соны талап етуіміз керек»,-деп ұйымдастыру жұмыстарына тоқталды.
Сондай-ақ, жиында сөз алған «Талас ауданының мем­лекеттік мұрағатының» ди­рек­торы Әнуар Тәттібаев мекеменің тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен мұрағаттық құжаттардың сақталуы және жетілдіру жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталса, «Мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қам­тама­сыз етуді ұйымдастыру» атты тақырыпта баяндама жаса­ған аудандық мемлекеттік мұрағаттың бас қор сақтаушысы Нұрсұлу Сапарова: «Бұрын біз қоймадағы құжаттарды бумаға түйетінбіз. Оның әуресі де көп болатын. Алайда, заман түзелді, ептеп өзгерістер енді. Қазір арнайы қораптар беріледі. Соған сала отырып, құжаттардың тізбесін жасаймыз. Бізде арнайы мұрағат құжаттарының бар болуы мен жағдайын тексеру парағы, мұрағат құжаттарын қабылдап, тапсыру актісі, құжаттардың келіп түскенін есепке алу парақтары дайындалған. Сол бойынша жұмыс атқарамыз»,-деп Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатынан алған әсерімен бөлісті.
Ал, «Іс тізілімдемелерін қайта өңдеу және жетілдіру» тақырыбында баяндама жаса­ған ауданның мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Мадина Абдибекова: «Мәлім­демелер келсе, сақталу мерзімі өткенге дейін қорда тұрады. Оларды тігіп, өңдеп біткен соң жою актісі сақталады. Ескі тізілімдемелерді жаңа тізілімдемелердің орнына өз атауымен соңғы нөмірлеріне орайластырылады және тізілім­деме қайта жасалады. Бұл айтуға жеңіл болғанымен өте көлемді жұмыс»,-деп мұра­ғат жұмысының жайымен таныстырса, Жамбыл облыстық мұрағатының құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүр­гізу бөлімінің басшысы Жібек Есентаева Ұлттық мұрағат құжаттарының мем­лекет­тік есебін жүргізуде жүктелген міндеттер туралы баяндап берді.
Басқосу соңында сөз алған Сара Қабылбекқызы аудандық мұрағат қызметіне көңілі толатындығын жеткізді.
«Архивтың алуан сырын бір ақтарып, Тарихтың тақта­сынан оқып көрші»,-деп Қасым ақын жырлағандай, мұрағат құнды құжаттар қоры. Жазбалардың бағасы артқан сайын, қызметкерлер жүктеген жауапкершілік те ауырлай түседі. Өйткені, жалпы ел мен жеке адамның бүгінгісі кешеден бастау алады.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер