Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жүйелі жұмыс жалғасын табады

Қазіргі уа­қыт­та қала аумағында абаттандыру, санитарлық тазалық жұ­мыстары дұрыс жолға қойылған. Бұл алғашқы ретте көктемгі және күз айларында өткізі­летін екі айлық тазалық жұмыстарының нәтижесі.

Қаладағы мекеме, кәсіпорындар арасында 11-12 қыр­күйек күндері сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында санитарлық тазарту, талдарды әктеу, арықтар мен жол жиектерін тазарту жұмыстары атқарылды. Сенбілікке 300-ге жуық адам қаты­сып, арнайы 5 техника жұмылдырылып, 15-16 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары тиісті орынға шығарыл­са, 18 шақырымнан аса арық-атыздарының іштері тазартылды. 2300-ге жуық тал-дарақ әктелді.
Тазалық қаламызға тек көрік қана беріп қоймайды, жекелеген адамның көңіліне де күй сыйлайды. Ендеше, көшелер мен ауламызды таза ұстау, ұйымдастырыл­ған сенбіліктерге атсалысу-әрбір тұрғынның міндеті.
Болашақта сенбілік жұмыстары мұнымен шектел­мей, әр аптаның жұма, сенбі күндері жалғасын табатын болады.
Бағдат Мадалиев,
қала әкімі аппаратының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімше басшысы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер