Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ақсақалын ардақтаған ел азбайды

Қаламыздағы Балалар өнер мектебінде аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім саласының майталманы,ұлағатты ұстаз Құрал Қошанұлы Нүрпейісовтың 70 жас мерейтойына арналған мерекелік кеш өткізілді.

 

Мерейтой иесінің құрметіне арналған кеш­ке ауданның игі жақсылары жиналды. Кештің шымыл­дығы Балалар өнер мекте­бінің ұстазы, дәстүрлі әнші Сырғабек Айтбайдың ән шашуымен ашылды. 

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз жоғары ұйымдастырушылық қабі­леті­нің арқасында ұзақ жылдар басшылық қызметте болып, ауданның білім және әлеуметтік-экономикалық саласының даму тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Бүгінде жетпіс деген жеті асудың биігіне шыққан Құрал ақсақал азаматтық мақсатымен тынымсыз, тыңғылықты ең­бек етіп, қоғамдық жұмыстардан қол үзбей келеді. р өнер мектебінде аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім саласының майталманы,ұлағатты ұстаз Құрал Қошанұлы Нүрпейісовтың 70 жас мерейтойына арналған мерекелік кеш өткізілді.

Кеш барысында Құрал Қошанұлының жүріп өткен өмір жолының биік-биік белестеріне, әр жылдарда алған асулары мен жеткен жетістіктеріне шолу жасалып, бейне көрсетіліммен көркемделді. Бұдан соң әр жылдарда өзі басқарған аудандағы білім ошақтарының бүгінгі басшылары мерейтой иесіне ақ тілектерін жеткізіп, алғысын жаудырды. Өнерлерімен ілтипат көрсетті. Қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, сый-құрмет жасады.
Білімді ұстаз, білікті басшы бола білген ардагердің құрметіне арнаған аудан әкімі Болат Рысмендиевтің құттықтауын аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаев жеткізсе, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков, білім беру саласы қызметкерлері аудандық кәсіподақ ұйымының төра­ғасы Мадиярбек Мірәлиев ұстаз ұлағатына жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Өмірі мен еңбегін ұрпақ тәрбиесі мен халқына қызмет етуге арнаған Құрал ақсақалдың еңбегінің елен­генінің белгісі ретінде ұйым­дастырылған бұл кеште ақ тілекті алғыстар лек-легімен жауып жатты.Ұстаз құрметіне арналып жыр да оқылды, ән де шырқалды

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер