Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ел игілігі-мұратымыз

Жуырда Ш.Уәлиханов атын­дағы орта мектепте ҚР-сының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жол­дауы талданды. Бұл шара­ға аудандық мәслихат депу­таты, А.Байтұрсынұлы атын­дағы гимназия директоры Д.Нұр­балтаевпен мектеп директоры Е.Жанұзақов қатысты. Жиында мектеп мұғалімдері тарапынан мектептің кіші қызметкерлеріне Жолдау туралы жақсы пікірлер айтылды.

Мектепішілік “Нұр Отан” партиясының төрайымы И.Нұраханова Ш.Уәлиханов атын­дағы орта мектеп ұжымын Жолдау­да айтылған бірнеше мәселелер­мен таныстырып баяндама жа­сады. Жарыссөзге директордың әдіс­темелік жұмыстар жөніндегі орын­басары Т.Султанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Аяпо­ва шығып, Жолдаудың халық үшін маңыздылығын, оның ел игілігіне, халықтың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтып өтті. Жолдауды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ұжымы қызу қолдады.
Қабыл САДУАҚАСОВ,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер