Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Шахмат турнирі өтті

Биылғы күзден бастап ТарМУ-нің «Жалпы білім беру пәндер» факультетінде дайындық бөлімі ашылды. Жүзге жуық қыздар мен жігіт­тер Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан және басқа елдерден келіп, білім алып жатыр.
Осы бөлімнің тыңдаушыларының арасында «Шабыт» эстетикалық клубының жетекшісі, аға оқытушы Оразбекова Фатима Қойлыбайқызы Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап шах­мат турнирін өткізді.

Жалпы, 9 ойыншы қатыс­ты. Жас­өспірімдер тек сабақ оқумен шектелмей, бос уақыттарын пайдалы және ақылды ойынмен айналыссын деген оймен жарыс 2 тур бойынша өтті. Жарыс қорытындысында Ес­мырза Алимқұ­лов - 1-орын, Айбек Бектаев - 2-орын, Марина Анарбекова - 3-орынды иеленді.
Факультет деканы және «Шабыт» клубының атынан арнайы дипломдар беріліп, Ф.Ораз­бе­ко­ваның өз атынан дайындалған сыйлықтар тапсырылды.
Әлия Шымырбаева,
тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер