Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Қыс маусымына қамданыс қалай?

Синоптиктер мен метеорологтардың болжамына сенсек, биылғы қыстың қаһары қатты болмақ. Осыған орай, өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рахымжановтың бастауымен аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері дәстүрлі республикалык командалық штабтық «Қыс-2016» оқу-жаттығу шарасын өткізді.


«Достық» алаңына жиналған мекемелердің жасақтары алдағы қысқа дайындықтарын тағы бір пысықтады.
Қайрат Аманжолұлы жасақтағы жұмысшылармен сұхбаттаса жүріп, мекеме басшыларына жеткіліксіз немесе істен шыққан керек-жарақтардың орнын толтырып, дайындықтарын пысықтай түсулерін тапсырды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ғалымжан Сыздықов алаңға жиналған мекеме жасақтарының құрал-саймандары мен көліктерінің іске жарамдылығын тексере келе, алдағы қыста қардың қалың жауатыны жайлы болжам болғандықтан, үлкен жауапкершілік «Таза қала- Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қар күрегіш көліктеріне артылатындығын баса айтты.
Шара барысында қаламыздағы “Жартас” көлін жағалай өскен балдыр шөптен су арнасына толмай тұрып тазарту жайында да сөз қозғалды.

Ернар Әбдіразақ,
Қаратау қаласы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер