Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Мұрағат-мұралар мен тарихымыздың алтын ұясы

Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"

Биыл елімізде азаттықтың ақ таңы арайлап атқанына - ширек ғасыр. Бұл күнге жету жолында аталарымыз қанын төгіп, аналар түнін - ұйқысыз, күнін күлкісіз өткізіп, етектері жасқа толып, боздақтарымыз қыршынынан қиылып, қаншама қиындықпен жеткенінен тарихымыз тіл қатып тұрады.


Өткеніміз бен бүгініміз, атқарған еңбегіміз, тіпті әр жылдарымыз бен күндеріміз мұрағатта сақталып, тарих қойнауына жол тартатыны баршамызға белгілі.
Қазақстандықтар үшін ұлық мереке - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Балалар өнер мектебінде ауданның мемлекеттік архиві ұжымының ұйымдастыруымен «Ана-еңбеккер, Ана-қайраткер» атты мерекелік шара болып өтті.
Тәуелсіздікке жету жолында аналар еңбегі мен қайраткерлігін келешек ұрпаққа үлгі етуді мақсат еткен шарада алғаш болып сөз алған аудандық мемлекеттік архивтің директоры Әнуар Тәттібаев:
- Егемендікке қол жеткізу жолында әйел - аналардың, қыз балалардың үлесі ерекше. Қазақ халқы қашаннан ананы шаңырақтың ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі деп бағалаған, - дей келіп, болашағымыз баянды, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай, - деген тілегін жеткізді.
- Азаматты- әке, ұлтты-ана тәрбиелейді, - деп кешті ашып , сөз бастаған аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Садубаев, - Қазақтың аналары - тұнып тұрған ұлттық тәрбиенің, салт-сананың, дәстүр мен ғұрыптың жалғастырушысы. Келешегіміздің кемелдігі мен болашақ ұрпағымыздың ұлықтылығы да аналар қолында, - дей келіп, ұлтымыздың бесігін тербететін аналарымыз ардақты, ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз қылықты болып, еліміздің жарқын болашағы болсын деген ізгі ниетін білдірді.
Келесі кезекте сөз алған аудандық мемлекеттік архиві анықтама столының маманы Зағиша Шекербек мекеменің тарихына тоқталып, 1975 -2016 жылдар аралығындағы атқа­рылған жұмыстарды саралап, баяндама жасады.
- Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 1975 жылғы 6 қаңтардағы қаулысымен Жамбыл облыстық мұра­ғатының Қаратау филиалы құрылды. Бұл облыстық архивтің филиалы болғандықтан, Сарысу мен Талас ауданының құжаттары сақталып отырған. Осы тұста қор саны-170, құжат саны-10595 болған. Ал, бүгінгі таңда қор саны - 260, құжаттар көлемі - 56015 сақтау бірлігін құрап отыр, - деп баяндай келіп, 2013 жылдан бастап, күңгірт тартқан, мәтіні өше бастаған құжаттарды электронды - сандық түрге көшіру жүргізіліп жатқандығынан да хабардар етті.
Көп естігенше, бір көрген артық дегендей, ұйымдастырылған көрме 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысынан мағлұматтар беретін тарихи құжаттар мен «Мұрағат сыр шертеді» атты кітапшадағы жазбалар тарих көшіне көз жүгіртіп, жүректерді тебірентті.
Сондай-ақ, бұл кеште арнайы қонақ болған алтын құрсақты, ауданымыздың өсуі мен өркендеуіне үлес қосқан көп балалы аналар мен ғасыр жасаған әжелерге арнайы мерекелік гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шарада ақын Үміт Битенова Тәуелсіздікке арнау өлеңі мен болашағымыздың бесігін тербететін бойжеткендерге арналған жыр шумақтарын тарту етсе, балалар өнер мектебінің талантты балалары әннен шашу шашты.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер