Ауыл балаларына қуаныш сыйлады
- Толығырақ
- Құрылды 31.01.2017 04:17
- Категория: Мақалалар
Аудандық мәслихаттың депутаты Садықбек Тілеубердиев Бөлтірік шешен ауылына арнайы ат басын бұрып, «Балбөбек» балабақшасының бүлдіршіндеріне сыйлықтар тарту етіп, қуаныш сыйлады.
Садықбек Тілеубердиев сонымен қатар, Үшарал ауылындағы «Ұлбике» балабақшасы мен осы ауылдағы шағын орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге, Көшек батыр ауылындағы 25 орындық «Таңшолпан» шағын орталығының бүлдіршіндеріне сыйлықтар табыс етті. Балаларға қуаныш сыйлаған атымтай жомарт азаматқа ауыл тұрғындары мен ата-аналар алғыстарын жаудырды.
Шынар Ахатаева,
«Балбөбек» балабақшасы кәсіподақ ұйымының төрайымы, Бөлтірік шешен ауылы.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы