Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жол бойы жасыл желекке оранады

Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

Табиғаттың тамырына қан жүгірткен көктем келсе, қар­балас басталатыны бел­гілі.
Биыл да жылдағыдай «Та­за Талас» мекемесі қала­ға 30000 қарағаш, 150 түп туя, 50 түп қарағай, 800 түп алма көшеті, 50 түп өрік ағашы және 50 түп шаған көшетін әкелді.


«Жасыл белдеу» бағдар­ламасы аясында қолға алын­ған осы шара бойынша 30000 түп қарағаштың 15000 да­насы ауылдық округ­терге таратылып, 2 мың тү­бі Қаратау қаласының Та­раз қаласына шыға берісіндегі жолдың екі жағалауына аудан әкімі Болат Рысмен­диевтің ұйымдастыруымен қала меке­мелерінің қызметкерлері егіп шықты, қалғандары мекемелерге бөлініп берілді.
Енді, туя мен қарағай және шаған көшеттері қа­ланың Орталық саябағы мен көрнекі жерлеріне егі­ліп, сырты қоршалады деп күтілуде.
Ал, алма мен өрік аға­шының көшеттері «Жас­тар» және «Тәуелсіздік­тің 20 жылдығы» атында­ғы сая­­бақтарға егіліп, қаланың ажарын аша түсетін болады.
Өткен жылы да осы мөлшердегі көшеттер әке­лініп, ауыл-аймаққа бөлініп берілген болатын.
Ал, қалғандары қала іші мен жоғарыда аталған жол бойына егіліп (8 мың түп қарағаш), тамыр жайып, көктеп те қалды.
Қала мен ауылдық округтерді көгеріш­тендіру жұмысы мұнымен тоқтамай, жал­ғасын таба беретін болады.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер