Ұлттар жарастығы-ұлы қазына

http://turizm-hit.ru/

А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияда Қазақстан халқы Ассам­блеясының 20 жылдығына орай «Ұлттар жарастығы-ұлы қазына» атты 2-сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара өтті.

 

Жиын басында сөз сөйлеген гимназия  директоры Д.Нұрбалтаев қазіргі кезде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті сыйластықта тұрып жатқанын, бірлесе еңбек етіп, ел дәулетін арттыруда айтарлықтай үлес қосуда екенін айтып өтті.

Шараға қатысып отырған кәріс халқының өкілі Нина, өзбек халқының өкілі  Мукабар, орыс халқының өкілі Фаина, украин халқының өкілі Рахима ханымдар қиын-қыстау кезеңдерде қазақ халқының өзге ұлт өкілдеріне жанашырлық танытып, бір үзім нанды бөліп жегенін, қазақтардың пейілі дархан даласындай кең екенін айтып, ризашылық сезімдерін білдірді.

Сондай-ақ, шарада 2-сынып оқушылары қазақ, өзбек, кәріс, украин, орыс халықтарының өкілдері болып, көпшілікті әнмен әлдилеп, бимен тер­бетті, ұлттық салт-дәcтүрлерді көрсетіп, ұлттық бұйымдары мен тағамдарын ұсынды.

Жиын соңында көпшілік балалар қолынан шыққан бұйымдарды тамашалап, ас мәзірінен дәм татты.

 

Гүлнар ТҮМЕНБАЕВА,

ҚР Білім беру ісінің үздігі,

бастауыш сынып мұғалімі.