Мәдениет майталмандары марапатталды
- Жарияланды 31.05.2016 09:56
- Автор: Super User
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
- Қаралды: 1653
Мадина Жарас, "Талас тынысы"
Аудандық Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.
Толығырақ: Мәдениет майталмандары марапатталдыӨнер-халық ықыласымен өлшенеді
- Жарияланды 23.11.2015 05:56
- Автор: Super User
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
- Қаралды: 1784
Нарбол ҚАШАҒАН, "Талас тынысы"
Ең үздік ауыл клубы мен мәдениет үйін анықтау мақсатында ауданымызда облыстық байқау болып өтті.
Толығырақ: Өнер-халық ықыласымен өлшенедіБақытты шаңырақ- қоғам қазынасы
- Жарияланды 21.09.2015 03:53
- Автор: Super User
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
- Қаралды: 1756
Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"
Отбасын құру - адамның өте маңызды, аса жауапты ісі. Ол өмірді қалыпқа түсіреді, бақытқа бастайды. Жас жұбайлардың осы бір маңызды міндетті қаншалықты меңгеруі жеке адамның бақытына ғана емес, бүкіл қоғамның әсемдігіне, мемлекеттің өркендеуіне әсер етеді. Жарасымды отбасы жақсы ұрпақ қалыптастырады.
Толығырақ: Бақытты шаңырақ- қоғам қазынасыТаланттарымен тәнті етті
- Жарияланды 16.11.2015 04:50
- Автор: Super User
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
- Қаралды: 1787
Нарбол ҚАШАҒАН, “Талас тынысы”
Балалар өнер мектебінің оқушылары Павлодар облысы, Баянауыл қорығында “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ-ы «Жасыбай» демалыс аймағында республикалық алты моноқалалардың арасында ұйымдастырылған «Ертіс шапағаты» атты халықаралық байқауда өнерлерін көрсетіп қайтты.
Толығырақ: Таланттарымен тәнті еттіСұлтандар сыны
- Жарияланды 07.07.2015 10:39
- Автор: Super User
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
- Қаралды: 1884
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, аудан әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Талас жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен сұлтандар сыны байқауы болды.
Қаламыздағы Балалар өнер мектебінде өткен дарынды жастарды қолдау, шығармашылық деңгейлерін арттыру, оларды отансүйгіштікке баулу, ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерін ашу мен өнер - білімге құштарлығын арттыру мақсатында сайдың тасындай іріктелген жігіттер аудандық «Жігіттер сұлтаны» байқауында бақтарын сынады.
Байқау ережеге сәйкес төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы «Таныстыру» бөлімінде ата-тегін тегіс таныстырған жігіттер жетелі елдің баласы екендіктерін көрсете білді. Келесі «Жігітке жеті өнер де аз» кезеңінде сынның аты айтып тұрғандай, қызыләуіттік Әділет Шоқалақов пен көкталдық Ризат Қойшыман ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың Шәмілге жазған хаттарын жүрекпен жеткізе оқыса, майтөбелік Айдынбек Әліпбай әуезді әнімен жүректерді әлдиледі. Ал, білекті де жүректі аққұмдық Аян Рысбай жеңіл көлікті тікесінен тік тұрып тісімен тартса, қаратаулық Ернар Алпысбаев білек күшінің мығым екенін кір тасын көтеру арқылы дәлелдеді. Жарыстың үшінші «Күш атасын танымас» кезеңінде ұлттық ойындардың бірі қазақ күресінен сынға түсті. Кілемге кезек-кезек көтеріліп белдескен жігіттер арасынан Аян Рысбай балуан атанса, екінші жүлде Әділет Шоқалақовтың қанжығасына байланды. Жүлделі үшінші орын Ернар Алпысбаевқа бұйырды.
Сайыпқырандар сайысының қорытындысында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Тыныс Сейдуанов байқау барысына тоқталып, байқаудың жеңімпазы Әділет Шоқалақовты, екінші жүлде иегері Айдынбек Әліпбай мен үшінші орынға табан тіреген Аян Рысбайды құттықтап, ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған арнайы диплом мен бағалы сыйлықты табыс етті. Сонымен қатар, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пернебек Оспанов «Тапқыр жігіт» номинациясымен Ризат Қойшыман мен «Білекті жігіт» атағына лайық болған Ернар Алпысбаевты марапаттады.
Тағы мақалалар...
Газет pdf нұсқасы