Жомарт, қолы ашық жандар

«Жақсының жақсылығын айт нұры тас­сын»- деген қанатты сөз бар халық арасында. Бостандық ауылдық округінде осындай ел игілігі үшін, өзінің адамгершілік парызымен жұмыс жасап жүрген жандар аз емес.


Солардың бірі «Нұр Отан» партиясының мүшесі, кәсіпкер Шәріпбаев Нұрғазы ағымдағы жылдың рамазан айында бала жастан мүмкіндігі шектеулі Ділдәбай Шыңғысхан Есболатұлына қол арба сыйлап, демеушілік жасады. Ол кісі өткен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жариялануына байланысты – 20 қайырымды, игілікті іс-шарасы аясында да қаржылай көмек көрсеткен болатын.
Әрине, мүмкіндігі шектеулі жандар мүсіркеуді емес, қолдап-қорғауды қажет етеді. Азық-түлік дүкенінің сатушысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Тұрлыбекова Перизат та ауылдағы жомарт жандардың бірінен саналады. П.Тұрлыбекова мүмкіндігі шектеулі жандарға әртүрлі мерекелерге орай өз тарапынан сыйлықтар үлестірсе, «Төртбай –Ата» мешітінің бас имамы Түзелбаев Зульфар азаматтық танытып, жыл сайынғы мүгедектер күніне орай үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі жандарға демеу­шілік жасап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдарға оң көзқарас қалыптастырып, қандай жағдай болса да қамқорлық жасап, қол ұшын созу, адамгершілік парызымыз. Біз қашанда бір-бірімізге деген мейірімділік, адамгершілік, сыйластық, ізеттілік сияқты азаматтығыңды білдіретін қазақи болмысымызды бағалай білейік.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға отбасылық жағдайына қарап, қамқорлық жасап, көмектесіп отырғанына қолы ашық, жаны жомарт ауыл азаматтарына рахмет айтып, еңбектеріне табыс тілейміз.
Мейрамкүл Ибраева,
«Бостандық» бастауыш партия ұйымының төрайымы.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер