Ел құндылығы насихатталды
- Толығырақ
- Жарияланды 09.07.2015 05:28
- Автор: Super User
- Категория: Қазақ хандығының 550 жылдығы
- Қаралды: 1915
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығының» «Туын тіккен тұғырлы ел» атты ақпараттық насихат топ құрамы қаламызда болып, «Авангард» кинотеатрында көпшілікпен кездесіп, сауал-сұрақтарына жауап берді.
Басқосуда тарихымыздың тереңінен сыр тартып, республика көлеміндегі айтулы тойдың барысы жөнінде баяндаған облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Тарихи мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және қорғау дирекциясының бөлім меңгерушісі Сауран Қалиев: -Алдағы келе жатқан мерейтойға байланысты авто шеру ұйымдастырып отырмыз. Бұл жай ғана той емес елдігімізді танытатын зор қуаныш. Бұл шовинистік көзқарастағы адамдардың бөспесі мен қазаққа қарсы әдейі айтылған қаңқу сөздеріне тосқауыл қояр айтулы шара. Шыңғысханның үлкен ұлына бөлінген Жошының ұлысынан тараймыз. Хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей Шыңғысханның тікелей ұрпағы. Біздің кешегіміз қиындыққа толы. Бірақ, ешбір кедергілерді елеместен ел болып қалыптастық. Қайратымыз да, қаһармандығымыз да, қасиетіміз де жүрген іздерімізде жатыр»,- деді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлт жоспарын айқындайтын бес институционалдық жүзеге асыру жөнінде 100 нақты қадамды анықтап берген болатын. Бұл бағытта жер-жерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Алайда, ел өміріне енгізер өзгерістері мен Ұлт жоспарының әкелер жаңалығы қаншалықты,- деген сауалдар жөнінде «Қазақстан болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Исатай: «Әрине, кез келген мемлекеттің халқы өз мемлекетіне, заңына, индустриялық куаты мен экономикалық өсіміне, біртектілік пен бірлігіне жауапты мемлекетіне сенуі қажет. Сонда ғана бұл бөлінісі ортақ, құндылығы бір, қуатты мемлекетке айналады. Өйткені, Елбасы халыққа ұсынған қадамдарды дайындау барысында өркениет қалыптастырған еуропалық, шығыстық тәжірбиелерді түгел сараптағаны анық,-деп жауап берді.
Сондай-ақ, жиында халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Қаратау технология білім және бизнес колледжінің түлегі Ләззат Әбдікерім жастарды ел дамуы мен діттеген межеге жету жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.
Кездесу соңында жиылған көпшілік тұсауы жаңа кесілген «Қазақ Елі» фильмін тамашалады.
Газет pdf нұсқасы