Жалған жиһад, жат ағым төндірер қауіп сейілмей тұр

Мадина Жарас, «Талас тынысы».


Сол өзекті мәселелердің бірі барша әлемді алаң­датып отырған, кез-келген орта мен қоғамға үлкен қауіп төндіруден талмайтын экстремистік ұйымдар және олардың қаруы күшті идеологиясы болып отыр. Сол себептен де, бүгінде елімізде дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы кешенді шаралар ұйым­дас­тырылып, өткізілуде. Аудан көлемінде де түрлі сала қызметкерлерімен, мектеп оқушылары, жастармен кездесулер, түсіндіру жұмыстары көптеп өтуде.
Сондай шаралардың бірі сейсенбі күні құқық қорғау орган қызметкерлерінің қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Жиынды аудан әкім­дігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жасөркен Жақсылық ашты. Мұнан соң, діни экстремизм, лаң­кес­тік топтар жайында алдын-ала дайын­далған бейне - сюжет көрсетіліп, ол бойынша ауданның бас има­мы Нұрсұлтан Әлиев түсінік беріп, тарқатып айтты.
- Дәстүрлі емес діни ағымдардың, теріс бағыттағы радикалды ұйымдардың асыл дінімізге жасаған қиянаты бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отырғаны жасырын емес. Қазіргі таңда, елімізде көпшілік орындарда, көшелерде, тіпті жекелеген үйлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, дін тақырыбында уағыз айтуға қатаң тыйым салынған. Діни экстремизм, терроризм, радикалды ұйымдармен күресу тек осы сала мамандарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті,-деген Нұрсұлтан Қалдарханұлы мұнан соң теріс бағытты ұстанғандардың мақсаты не, олардың арбауына түспес үшін қалай әрекет ету керек, экстремистік ұйымдар идеологиясы және олардың Қазақстан аумағындағы технологиялық ұстаным ерекшеліктері қандай деген мәселелер төңірегінде ойын сабақтады.
Жиын барысында құқық қорғау орган қыз­меткерлерінің тарапынан қойылған сұрақтарға толық­қанды жауап беріліп, орынды ұсыныстар назарға алынды.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер