Тұрақтылық-басты мақсат

Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 1-бабы, 1-тарма­ғында «Қазақстан Республикасы - өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», -деп көрсетілген


Егемен еліміз тәуелсіздік ал­ған 25 жылдың ішінде дінге қатыс­­ты зайыр­лылық ұстанымын қалыптас­тырып, әлемдік аренада көш бастауда. 2011 жылы қабылданған «Діни қыз­мет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы­­ның Заңы мем­лекеттің дін саласындағы стра­тегиялық бағыттарын айқындап, діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде. Дегенмен де, қоғамда кезде­сіп жат­қан «лаңкестік», «ді­ни экстремизм» деген сөздер мен бүліншілік атау­лының түп-төркіні қайдан шығуда деген ойлар мазалайтыны анық. “Лаңкестік” деген- латынның “үрей”, “қорқыныш” деген атаудан шыққан. Шын мәнісінде, лаңкестіктің мақса­ты - күш көрсетіп, қорқыту арқылы өз мүд­делеріне жету. Олар­дың көз­дегені қоғам мен мемле­кеттің тұ­рақ­тылығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіру, саяси билікті түрлі заңсыз жолмен құлату деген сөз.
Ал, экстремизм дегеніміз- шет­теу, орталықтан ауытқу, шек­тен шығу дегенді білдіреді. “Экст­ремизм” сөзінің ең жақын синонимі - радикализм. Діни ортада пайда болған экстремизм- діни экстремизм деп аталады. Негізгі белгілері: мемлекеттік диктатура орнатуды ашық жариялау, елдегі конституциялық құрылымды үзілді-кесілді мойындамау, заңсыз қарулы жасақтар құру, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздыру, сонымен бірге, тоталитарлық режим орнатуға тырысу болып табылады. Негізінен, исламды өз мүддесіне қолданушы лаңкестік топтарға дін тек ұран, құрал үшін қажет. Ал, кейбір жастар сол ұранға сеніп, экстремистік психологиядағы топтарға қосылып кетіп жатады.
Елімізде экстремизм мен лаң­кестікке қарсы іс-шаралар мен бағдарламалар жақсы жолға қойыл­ған. Мемлекеттік деңгейде қоғам тұрақтылығы мен тыныш­тығын сақтау тетіктері қамтамасыз етілген. Соның бірі - «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама». Бағдарламаның басты мақсаты-еліміздің тыныштығын бұзатын барлық оқиғалардың алдын алу, жол бермеу. Әрине, бұл тек мемлекет тарапынан ғана орындалатын ша­руалар емес, еліміздің әрбір аза­матының басты парызы. Бұл орай­да ел тұрғындарының, әсіресе, жастардың діни сауаттылығын арт­тыру кезек күттірмейтін мәселе бо­луы тиіс. Қоғамда ерік-жігері қуатты, рухани тәрбиелі, білімді тұлға қалыптастыру отбасылық, мектептік қана емес, жалпы адамзаттың ортақ парызы болуы тиіс.

Мырзабай Қайырбай,
Ш.Смаханұлы атындағы орта мектептің тарих, дінтану
пәнінің мұғалімі.
С.Шәкіров ауылы.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер