Аудан басшысы ардагерді құттықтады
- Толығырақ
- Жарияланды 17.05.2016 07:10
- Автор: Super User
- Категория: Ұлы Жеңіске 70 жыл
- Қаралды: 1526
Мадина Жарас, "Талас тынысы"
Қатары жыл санап сиреп келе жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету қашанда парызымыз және бұл міндетті жас ұрпақ ешқашан естен шығарған емес.
Бұған дәлел жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында өткізілетін іс-шаралардан бөлек Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ардақтап, марапат көрсетіледі.
Осынау айтулы мереке күні аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев аудандағы ардагерлердің бірі Бестен Тілептің үйіне арнайы барып Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтап қайтты. Аудан басшысы сұрапыл соғыстың зұлматын көрген, майдан даласында қан кешіп, ұрпағына жеңіс сыйлаған майдангер ақсақалға аудан жұртшылығы атынан алғысын айтып, сый-сияпат жасады. Өз кезегінде Бестен ақсақал Болат Қанатбайұлына, барлық ауданның атқа мінер азаматтарына алғысын айтып, батасын берді. Егемен еліміздің болашағы жарқын болып, жерімізді соғыс өрті шарпымасын, ұрпағымыз бейбіт күнде жарқын ғұмыр кешсін деген аталық ақ тілегін жеткізді.
Газет pdf нұсқасы