Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық есебінің өзекті мәселелері талқылануда
- Толығырақ
- Жарияланды 22.11.2016 07:21
- Автор: Super User
- Категория: Маман кеңес береді
- Қаралды: 1386
Астанада «Жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық есебінің өзекті мәселелері» атты халықаралақ конференциясы басталды.
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсіпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердің ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысуда. Конференция нәтижесінде қатысушылар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоймақ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжірибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады.
«Бұл шара біз үшін - тек қана бірегей диологтар алаңы емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасында Біріңғай кадастрлық есеп жүйесін құру механизмі мен шешім қабылдауда бірыңғай түсіністікке келу мүмкіндігі болып табылады» - деді Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында біз жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгізген болатынбыз. Бірыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелерді біріктіруді, жылжымайтын мүлікті ресімдеу барысында әкімшілік кедергілерді азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлікке құқықтарды есепке алу және тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді».
Бүгінгі күні мемлекеттік корпорацияда жер телімдерінің, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ – қабаттары, инженерлік коммунакациялармен, жол-көшелік желілер және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрының мүмкіндіктері жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделі құрылыстар мен құрылыстарды үйлестіруді орындаған.
.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының баспасөз қызметі
Газет pdf нұсқасы