Астан уланып қалудан абайлаңыздар!
- Толығырақ
- Жарияланды 30.11.2016 08:07
- Автор: Super User
- Категория: Маман кеңес береді
- Қаралды: 1380
Астан улану ауруының бірі – ботулизм.
Ботулизм – ботулиндік токсиндердің орталық жүйке жүйесін ауыр зақымдауымен сипатталатын, арнайы емсіз өлімге әкелетін жедел ауру. Оның микробтары табиғатта кең тараған, споралары сыртқы орта әсеріне өте төзімді, топырақта ұзақ уақыт бойы сақталады.
Топырақпен бірге суға, азық-түліктерге, көкөністерге таралады. Ауасыз жағдайда олар адам үшін өте улы токсиндер бөліп шығарады. Ботулизм ауруы үй жағдайында консервіленген саңырауқұлақтарды, көкөністерді, қақталған балықты жегеннен кейін кенеттен пайда болады, әсіресе, бұл тағамдардың үй жағдайында дайындалғандағы қауіптілігі жоғары.
Ботулизмге ұшыраған адамда жалпы әлсіздік, ауыз құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іштің бүріп ауруы, іштің өтуі, көздің бұлдырап, тұмандануы байқалады. Ол күдікті тағам қолданған соң бір-екі сағаттан немесе бірнеше күннен кейін де пайда болуы мүмкін.
Қалай дайындалғандығы белгісіз, дайындау, сақтау мерзімі көрсетілмеген, ұзақ сақталған тағамдарды кездейсоқ жерлерден, базарлардан сатып алудан сақ болыңыз.
Есіңізде болсын! Үй жағдайында консерві дайындайтын болсаңыз, барынша санитарлық талаптарды орындап, жеке бас гигиенасын сақтағаныңыз өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де ең тиімді болады. Сонымен қатар, базардан, көшеден консерві өнімін алып тұтынбағаныңыз жөн, өйткені, сіз ол өнімнің қандай жағдайларда, кімнің дайындағанын білмейсіз. Сақтықта қорлық жоқ деген, өз өміріңіз – өз қолыңызда!
Өз денсаулықтарыңызға немқұрайлы қарамаңыздар!
Жанар Омарбекова,
Талас аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жетекші маманы.
Газет pdf нұсқасы