Азаматтарға арналған үкімет көрсететін қызметтер саны тағы 53 қызметке артты
- Толығырақ
- Жарияланды 23.02.2017 04:47
- Автор: Super User
- Категория: Маман кеңес береді
- Қаралды: 1346
Бүгінде Азаматтарға арналған үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жаңа қызметтердің басым бөлігін Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерінің және ҚР инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрады.
Мемлекеттік корпорацияда ауылшаруашылық өнімдерін өндірісін басқару жүйесін дамытуды субсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсіп кешені) саласында дайындау ұйымын аккредиттеуді, құрылыс объектілері жоспарларын кешенді ведомствоішілік сараптау жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді, ҚР резиденті болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға нвесторлық визалар алуға қолдаухат беруді рәсімдеуге болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы бұл қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне (ХҚКО ЫАЖ) өзгерістер енгізгеннен кейін мүмкін болып отыр. Енді азаматтардың бұл қызметтер үшін мемлекеттік ооргандарға жүгіну қажеттігі жоқ. Демек, аталмыш қызметтерді мемлекеттік корпорацияның басқа қызметтері сияқты аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ға дейін түскі үзіліссіз алуға болады.
Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы кездері азаматтарды уақытша тіркеу қызметі бойынша орын алған кезек саны едәуір азайған. Жыл басынан бастап 400 мыңнан астам адам уақытша тіркеуден өткен.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі
Газет pdf нұсқасы