Артқан сенімді ақтады

Тараз қаласында  «Жасарған Жамбыл жерінде» атты оқушылар  арасында  облыстық   мәнерлеп   оқу   байқауы   бо­лып өтті. Жамбыл облысы ақындарының шығармашы­лығын насихаттау мақсатында  ұйымдастырылған шарада 30-ға жуық үміткер бақ сынады.

Аталмыш шарада балалар мен жасөспірімдер орталығы «Асыл мұра» үйірмесінің оқушылары жүктеген жауапкершілік пен артқан сенім­ді ақтай білді.  Жергілікті ақын Нарша Қашағанұлы мен Үміт Битенованың жырларын нақышына келтіре орындаған С.Сейфуллин атындағы орта мектеп оқу­шылары Шапағат Сейдалы 2-орыннан көрінсе, Нұрдәу­лет Мырзабек Алғыс хатқа ие болды

Шәкірттердің талантын  танып, талабын ұш­таған «Асыл  мұра»  үйірмесінің    жетекшісі     Эльмира Ахатайдың  еңбегін  қазылар  жоғары  бағалады.

 

 

 

 

 

 

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер