Таланттарымен тәнті етті

Нарбол ҚАШАҒАН, “Талас тынысы”

Балалар өнер мектебінің оқушылары Павлодар облысы, Баянауыл қорығында “Еуроазиаттық энергети­калық корпорациясы” АҚ-ы «Жасыбай» демалыс аймағында республикалық алты моноқалалардың арасында ұйымдастырылған «Ертіс шапағаты» атты халықаралық байқауда өнерлерін көрсетіп қайтты.

Жас дарындар вокал, хореография, фольклор, аспаптық өнер және дәстүрлі ән бойынша сынға түсті.
Жеңістің 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шарада Хромтау, Сарань, Екібастұз, Ақсу қалаларынан 217 талант бақ сынады.
Бұл байқауда бала­лар өнер мектебінің оқушы­лары алғашқы рет қатысуына қарамастан барлық жанрлық бағыттар бойынша деңгейлерін көрсетіп, көпшілік қошеметіне бөлене білді.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер