Мәдениет майталмандары марапатталды

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

Аудандық Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.


Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мереке болып күнтіз­беге енгізілгеніне үш жыл­дың жүзі болды. Елба­сының Жарлығымен 21 мамырға белгіленген мереке ауданда жоғары деңгейде аталып өтті. Салтанатты шараны ашқан аудан әкімі Болат Рысмендиев сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттық­тап, бірқатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.
Сондай-ақ, салтанатты жиында облыстық музейдің директоры Үртай Сапақова мәдениет майталмандарын құттықтай келе облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжат­тама басқармасының бас­шысы Д.Бықыбаевтың атынан басқарманың Алғыс хатымен марапаттады, сондай-ақ, ақшалай сыйақы табыс етті.
Мәдениет майталман­дарының төл мерекесіне арналған салта­натты шарада аудандық мәслихаттың хатшысы Арқабек Төлебаев та аталмыш салаға сіңірген еңбегі үшін бірқатар қызмет­керлерге аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасын табыстаса, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пернебек Оспанов бөлімге қарасты 40-қа жуық мәдениет ошақтарының қызметкерлеріне, кітап­хана қызметкерлері мен өнерпаздарды бөлімнің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады. Мұнан соң, бөлім басшысы сала ардагерлеріне, сондай-ақ, ауданның мәдениет саласының дамуына, өнердің өркендеуіне өзін­дік үлестерін қосып, қолдау көрсетіп жүрген басшыларға ілтипат көрсетіп, сый-сияпат жасады.
Мерекелік шараның соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер