Аудандық спартакиада Ұлт саулығы насихатталды
- Толығырақ
- Жарияланды 09.10.2015 04:38
- Автор: Super User
- Категория: Спорт
- Қаралды: 1610
"ТТ"-ақпарат"
Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі аясында және Кәсіподақ күніне орай мекеме қызметкерлері арасында “Орталық саябақта” салааралық аудандық спартакиада өтті. Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рахимжанов: -Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен, азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайту болып отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеген болатын. Спорт-денсаулық кепілі. Жастардың спортпен айналысуына жағдай жасалса, жасөспірімдер арасында қылмыс азайып, жат қылықтарды жоюға мүмкіндік туатыны сөзсіз,-деп мереке қарсаңында аудан тұрғындарына ізгі тілегін жеткізсе, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жасөркен Жақсылық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттың сегіз түрі бойынша өткен спартакиада нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте Қызыләуіт ауылы жеңімпаз атанса, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұжымы мен аудан әкімдігінің білім бөлімі жүлделі орындарды өзара бөлісті.
Газет pdf нұсқасы