Таластық дойбышылар дес бермеді

Жақында ғана Аса ауылында Ерлан Омаров атындағы жүлде үшін Жамбыл, Байзақ, Меркі, Талас аудандары мен Тараз, Қаратау қалаларынан команда құрамында 1 қыз бала, 1 ер бала және жаттықтырушы бар 39 дойбышы қатысқан облыстық жарыс өтті.

Аса тартыс­ты өткен сайыстың нәтижесінде, 13 команданың ішінен Қаратау қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Диана Салижанова, Жәнібек Амангелді, Бауыржан Жүнісов бар Талас ауданының командасы жеңіс тұғырынан көрін­се, Байзақ ауданының дойбышылары 2-орынға табан ті­реді. Ал, Қаратау қаласының командасы 3-орын­ды иеле­ніп қайтты.
Бұл жерде жерлес дойбышыларымыздың жат­тықтырушысы Берік Пшановқа айрықша алғыс айтуға тиіспіз.
Сіздердің назарларыңызға осы жарыс барысындағы комбинациялардың бірін ұсынып отырмыз:
Ақ бастап, жеңіске жетеді.
Ақ: B4. C3. d2. d4. C2. h2.
Қара: a5. d6. e7. q7. q5. h4.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер