Кісі өлтіргенге кешірім жоқ
- Толығырақ
- Жарияланды 28.10.2016 08:09
- Автор: Super User
- Категория: Құқық
- Қаралды: 1524
Осыған сәйкес, заңдылықтың бұзылғанына, қылмыскердің ортаға, қоғамға қарсы жасалған заңсыз әрекетіне көз жұма қарауға болмайды. Әрбір адамның қоғам алдындағы міндеті мен мемлекет алдындағы борышын адал атқару, айта келгенде барлығымыздың міндетіміз және осы адамгершілік қасиеттін оята білу.
Конституцияның 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінсе, 15-ші бабында әркімнің өмір сүруге құқығы бар, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ делінген.
Алайда, біз бүгін сотталушы орындығында отырған Огизбаев Абзал аса ауыр қылмыс жасап, адам өміріне қол сұғып, Д.Кадырмановқа қаза келтірген.
Қылмыстық істің мән-жайына қысқаша тоқталсақ, сотталушы А.Огизбаев 23.08.2016 жылы сағат 16.00 шамасында Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылы, С.Сейфуллин көшесінде орналасқан дүкеннің артқы жағында С.Сейдуакуловты жолықтырып, оған бірлесіп арақ ішуді ұсынған.
Содан, Огизбаев пен Сейдуакулов екеуі Жарлысу ауылының оңтүстігінде орналасқан сайдың астында отырған Д.Кадырманов пен Г.Итекеевтің жанына барып, төртеуі бірігіп С.Сейдуакуловтың дүкеннен алған арағын ішіп отырған. Осы кезде Огизбаев пен Кадырмановтың екеуінің арасында бұрынғы ерегіс пайда болып, екеуі өзара төбелесіп, жәбірленуші Кадырманов қолымен жұдырықтап Огизбаевтың ауыз тұсынан ұрып, нәтижесінде соңғының тісі сынып үйіне кетіп қалған.
Сол уақытта, А.Огизбаевта адам өлтіру, яғни жәбірленуші Д.Кадырмановты құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату ойы туындап, сағат 19:00 шамасында анықталмаған пышақпен қаруланып, С.Сейфулин көшесінде орналасқан дүкеннің артында отырған Д.Кадырмановқа барған. Осы кезде Кадырманов Огизбаевтің қолындағы пышағын көріп, өз өмірін сақтап қалу мақсатында С.Сейфулин көшесі бойымен қашқан.
Д.Кадырманов қашып бара жатып осы көшенің №46 алдында шалынысып жерге құлап, орнынан тұрмақшы болған кезде, артынан қуып жеткен Огизбаев өзінде болған пышақпен қасақана Д.Кадырмановтің сол жақ санынан бір рет және өмірге маңызды жері –сол жақ кеудесінің артқы бөлігінен екі рет соққы салып, оқиға болған жерден бой тасалаған. Жәбірленуші Д.Кадырманов алған ауыр дене жарақаттарынан оқиға орында қаза болған.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 99- бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап ойынша 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының ерекше режимінде өтеу белгіленді.
Б.Ақылбеков,
Жамбыл облыстық прокуратурасы басқармасының
аға прокуроры, әділет кеңесшісі.
Газет pdf нұсқасы