Жас таланттар қос жүлдемен оралды...


Байқауға мектебіміздің оқушылары «би» және «эстрадалық вокал» номи­нациялары бойынша сынға түсті. Байқау нәтижесінде ерекшеленіп, көзге түскен «Гүлдер-ай» бишілер тобы “Би” номинациясы бойынша бас жүлдені иеленсе, эстрадалық ән-вокал бөлімінің оқушысы Рауан Қуат да бас жүлдені қанжығасына байлап, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Байқауға шәкірт дайын­дағаны үшін мек­теп мұғалімдері Голов­нева Зинаида Аркадьевна, Узбекова Найля Абдуракиповна, Ғабдуллина Дания Оңдасынқызы Алғыс хаттармен марапатталса, Балалар өнер мектебін «Балдәурен» балалар шығар­машылық орта­лығының жетекшісі Е.Қазыбеков Алғыс хатымен марапаттады.
Мектептің жас талант­тарына алдағы уақытта да байқаулардан жеңіспен оралуына тілектеспіз! Балалар өнер мектебінің жеңісі көп болсын!

Мақпал Жунисова,
балалар өнер мектебінің домбыра пәнінің
мұғалімі.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер