Көпке ортақ қуаныш С.Шәкіров ауылында ФАП ғимараты пайдалануға берілді

Дүйсен МОЛДАҚҰЛОВ, “Талас тынысы”.

 

Осынау қуанышты бөлісуге тайлы-таяғы қалмай жиналған көпшілік алдында сөз алған аудан әкімі Болат Рысмендиев тұрғындарға құтты болсын айта келе:
- Елімізде болып жат­қан оң өзгерістердің барлы­ғы тәуелсіздігіміз бен Елба­сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көре­гендік кемеңгерлігімен тығыз бай­ланысты. Міне, соның бір дәлелі деп бүгінгі қуа­ны­шымызды да айтуға болады.
Ал, мемлекетіміз бойын­ша салынып жатқан мек­тептер, балалар бақ­шасы, мәдениет үйле­рі, ауруханалар мен емханалар қаншама. Ау­данымыздың өзінде осын­дай құрылыс­тар көп­теп саналады. Мәселен, биыл Есейхан ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілсе, таяуда Қаратау қаласында орта­лық ем­хана да көпшілікке есігін айқара ашпақ, - деген Болат Қанатбайұлы ауыл тұрғындарының қуаны­шына ортақ екенін жеткізді.
Ауыл тұрғыны, ең­бек ардагері Мәдібек Мылтықбаев өз кезегінде тәуелсіздігіміздің арқа­сын­да мүмкін болған қыруар игіліктер хақында әңгіме өрбітіп, ауылға осындай сый жасаған ел ағаларына деген өзінің ағалық ілтипатын жет­кізді.
Осы ғимаратты соққан мердігер “РБЕ ойл” ЖШС-нің өкілі Т.Сәрсенбаев пункттің фельдшері Айткүл Қайбулдаеваға сим­воликалық кілтті табыс еткен соң, Болат Рысмендиев, аудандық мәс­­ли­хаттың хатшысы Арқабек Төлебаев және Мәдібек Мылтықбаев ғи­ма­­раттың лентасын қиып, аналарымыз шашу шаш­ты.
Салтанат соңында аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер