Жоспарланған жолдар жөнделіп бітті бұл жұмыстар келесі жылда жалғасын таппақ
- Толығырақ
- Жарияланды 28.10.2016 07:12
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1293
Дүйсен Молдақұлов, “Талас тынысы”.
Олай дейтініміз, жауынды-шашынды күндері лайсаң, күн ашықта шаң-тозаңға көміліп жататын көшелер көпшілікті әуре - сарсаңға салатын. Мұндай көшелермен жүру автокөлік тұрмақ, жаяу жүргіншінің өзіне мұң болатын.
Осынау күрмеуі қиын күрделі мәселе биылғы жылы өзінің оң шешімін таба бастады. Қазір қала бойынша жоспарланған барлығы 22 көше толық жөнделіп бітті. Қала көшелеріне қатысты оң шешімін тапқан мұндай жұмыстар көпшілік тарапынан да ризашылықтарын тудыруда.
Бұл жерде “Тараз көлік жолы”, “Тау құс”, “Ақ жол - құрылысы”, “Сити құрылысы” секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен бірге, осындай ауқымды жобаларға тұңғыш рет қатысып отырған жергілікті мердігер, аудандық мәслихаттың депутаты Қабыл Жолдасов жетекшілік ететін “Талас жолдары” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің де қомақты үлес қосқанын айта кеткен жөн.
“Талас жолдары” А.Пушкин, Ы.Алтынсарин және қаланың негізгі көшелерінің бірінен саналатын Шахтер көшелерін жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы атқарып шыққанын да айта кеткен орынды.
- Биыл жауын-шашын мен қыс мезгіліне ұрынбай тиісті көшелерді жөндеп алдық, - дейді аудан әкімдігі тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы Нұржан Садықбеков, - келесі жыл да бұл жұмыс өзінің жалғасын табатын болады.
Суретте: “Талас жолдары” ЖШС жұмыс үстінде.
Газет pdf нұсқасы